Етті орама

Бұл тағамның дайындалу жолы оңай деп айта алмаймын, есесіне мейрамхана тағамдарынан еш кем түспейтін тағам жасайсыз.

Бұл тағамға тез пісетін, сиырдың жас малының етін алған дұрыс. Ораманы жаншылған еттен жасаймыз. Жартысын сол күйінде пісіреміз, қалған жартысынан орама жасаймыз. Салмасын, талғамыңызға қарай, өзгертуге болады. Мысалы, ірімшік, зәйтүн, т.б.

Негізгі тағамға қоса салат жасаймыз. Жасалуы оңай, бірақ пайдалы көкөністі салат ұсынамын.

Құрамы:

Сиырдың еті - 700-800

Маринадқа: 

Кішкентай пияз - 1 дана Сарымсақ - 2 түйір Бал - 1-2 шай қасық Жарты лимонның шырыны Үгітілген кориандр Тұз, бұрыш

Салмасына:

Сары май - 1 ас қасық Зәйтүн майы - 1 ас қасық Саңырауқұлақ - 100-150 гр. Ұн - 1 шай қасық Кілегей - 50-70 мл. Тұз, прованс шөптері специясы

Салат:

Шалғам Қияр Күнжіт Зәйтүн майы Ақжелкен, аскөк Тұз

 


Етті жалпақтап турап аламыз. 
Етті ас пленкасына салып, аспаздық балғамен ет жұп-жұқа болғанша, ұрғылаймыз. Асүйлік балғаңыз болмаса, оқтау да жарайды. Онымен де ет өте жақсы жаншылады.
Мөлшері осылай болу керек.

 

Ұсақталған сарымсақ пен пияз, бал, лимон шырыны және дәмдеуіштерді біркелеі болғанша араластырамыз. 


Дайындалған етті маринадқа саламыз. Жалпақтап, бір-біріне беттестіріп саламыз.

Ет маринадталғанша салмасын дайындай береміз.

Мен қатарлған/мұздатылған саңырауқұлақ алдым. Саңырауқұлақты дұрыс қатыру туралы осы жерде  оқи аласыздар.


Гарнирге мен брокколи ұсындым, бұл жерде де жақсы көретін кез-келген гарнир жасай бересіз. Жалпы, ет көкөніспен жақсы үйлесетіндіктен және брокколи өөте пайдалы болғандықтан, таңдауым осыған түсті.
Табаға екі май түрін салып жақсылап қыздырамыз. Қызған майға саңырауқұлақты салып, қуырамыз.

Саңырауқұлақты суы құрғағанша пісіреміз, үстінен ұн салып таңы 1-2 минут қуырамыз. Үстінен кілегей және прованс шөптерін саламыз. Қайнағаннан кейін, тағы 2-3 минут пісіреміз.

Ұн бізге салмасы қою болу үшін керек. Сондықтан салма қоюланғанша пісіру керек.

Екінші ыдысқа суық тұзды су құйып, брокколиді саламыз. Брокколиді суық суға салып пісіреді.

Екеуіне тұз салуды ұмытып кетпеңіз.


Брокколидің суы қайнай бастағанда бірден мұздай суға түсіріп аламыз. 1-2 минуттан кейін дуршлагқа сүзіп қоямыз. 

Енді орамамызды жасаймыз.

Кеңдеу жағын өзімізге қаратып, шетіне 1 ас қасық салмасын саламыз.


Екі шетін салмасына қарай бүктеп, етті ораймыз.

Ораманы сыртынан жіппен ораймыз. Сонда пісу барысында орама ашылып кетпейді.

Еттің қалған жартысын сол күйінде пісіреміз.


Табаға өсімдік майын құямыз, қатты қыздырамыз табаны.  Онда еттерімізді саламыз. Ораманың әр жағын 2-3 минуттан пісіріп, түсіріп аламыз. Ал салмасыз жаншылған етті табада әрі қарай тағы 15-20 минуттай пісіреміз.
Ораманы фольгаға салып, алдымен жабық күйінде 15 минут, одан кейін 5-10 минут бетін ашып пеште 180 °С-та пісіреміз.

Ораманы пештен алғаннан кейін, жіптерін алып тастаймыз. Етіміз осымен дайын.

Енді салатқа көшеміз... Ол оңай.

Алдымен күнжітті құрғақ табада хош иісі шыққанша қуырамыз. Көкөністерді және аскөкті турап, тұз, май және күнжітті салып араластырамыз.

Салат та дайын болды.

 

 

Астарыңыз дәмді болсын!

P.S.: Басқа да тағамдардың дайындалуын мына блогтан үйренуіңізге болады. 



Бөлісу: