Этносаралық қатынастар жүйесіндегі этникалық стереотиптер
блог
Ю.В. Бромлей өзінің « Очерки теории этноса» атты кітабында этнос теориясының жеткіліксіз дамыған аспектілерін, этнос типтері мен деңгейлерін, басқа адамдар қауымдастықтары арасындағы этникалық формациялардың орнын, этникалық процестер типтерін, мәдениет пен психиканың этникалық функцияларын (соның ішінде өзін-өзі тануды) талдайды, адамзаттың этникалық тарихының негізгі кезеңдерін - алғашқы қоғамдағы этникалық топтардың пайда болуынан бастап қазіргі әлемдегі этникалық процестерге дейін бөлімдерге бөле отырып зерттейді.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай әрбір этнос бүкіл адамзат үшін орасан құндылық, оның баға жетпейтін игілігі және бірегей бөлігі деген қағида болады. Әрбір демократиялық мемлекеттің ұлттық саясаты халықтың өз тағдырын шешуші заң түрінде белгілеп қоймай, ол заңдарды практикада орындауға шынайы жағдайды қамтамасыз етуге тиісті, яғни аз санды этностарды, этникалық топтарды және ұлттық азшылықты, олардың мәдениетін, төлдігін және тілін сақтауға, қорғауға ерекше қамқорлық жасау керек. Этникалық стереотиптер ұрпақтан ұрпаққа берілу құралдары болып табылады. Әлеуметтік және этностың адамгершілік тәжірибесі, оның ішінде жүріс-тұрыс ережелері, әдет-ғұрыптар, рәсімдер, нормалар мен құндылықтар. Жүйе этникалық стереотиптер мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын, жеке адамға үйреншікті механизмдерді көрсетеді, ата-бабалардың өмір сүруіне және әрекет етуіне негізделген әрекеттер. Философиялық және этносоциологиялық стереотиптер проблемасына көзқарастар олардың қалыптасу негізі болып табылады.
Ю.В.Бромлейдің этносты қос (дуалистік)ретінде сипаттай алады. Осыған байланысты этностың екі түрлі мағыналарда қолданылады: бірі тар және бірі кең. Тар мағынадағы этнос этникос ретінде белгіленеді ,оның мазмұны «тиісті этникалық» белгілерден тұрады. Этнос кең мағынада «этноәлеуметтік организм» (ЭСО) ұғымымен белгіленеді.
Халықаралық қатынастардың жаңа типі теңдікті, егемендікті, демократизмді, ұлттық ерекшелікті есепке алуды талап етеді. Тұлғаның, ұлттың немесе мемлекеттің құқықтарын қарама-қарсы қоюға жол беруге болмайды. Адам құқығының және халықтар құқығының өзара байланысты болуы үлкен мәнге ие. Адамның абыройын сыйлаушылықты ұлттардың құқы мен еркіндігінің теңдігін сыйлаушылықтан ажыратып қарастыруға болмайды. Халықаралық қатынастарды құқықтық реттегенде мына екі объективті үдерісті ескеру қажет: - ұлттың қалыптасуы және дамуы, еркіндік және дербестік, егеменді мемлекеттік өмір сүруге қозғалыс; - ұлттардың өзара жақындасуы, олардың өмірінің интернационалдануы, ұлттық шекаралардың бұзылуы және интеграциялық процестердің күшеюі. Қазақстандағы ұлттық қатынастар аясындағы қазіргі жағдай оның азаматтарының этносаралық әлеуметтенуінің, оларда көп ұлтты Отанына, әр түрлі ұлттың және конфессияның адамдарына қатынастың қалыптасуының шынайы шарты болып отыр. Этносаралық әлеуметтенуге Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болуы да мәнді жағдай болады. Онда әрбіреуінің қайталанбас материалдық және рухани мәдениеті бар жүзден аса ұлт өмір сүруде. Этносаралық әлеметтену жалпы әлеуметтенудің маңызды бөлігі болып және онымен бөліктік және тұтастық ара қатынаста болады. Этникалық әлеуметтену – бұл этностың менталитетінің адамға деген әсері, оны өз халқының тарихына, мәдениетіне, ана тіліне, дәстүрлеріне баулу, сөйтіп осы процесте ол өзінің қай ұлтқа жататынын ұғынады. Этникалық әлеуметтену индивидтің ұлттық өзіндік санасын қалыптастырады.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұстанымдарына мыналарды жатқызуға болады:
- - ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде білім беру және мәдениет мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ және отбасының іс-әрекетін қоғамдық және мемлекеттік реттеу;
- - ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде ұлттық қатынастардың сипатын ескеру;
- - тәрбие процесінде тұрғындардың әр түрлі категориясының мектепке дейінгі, тӛменгі сынып оқушылары, орта және жоғары сынып оқушылары, студенттер, мемлекет мекемелерінің қызметкерлері, әскери адамдар т.б. ерекшеліктерін ескеру;
- - әр түрлі ұлттың және нәсілдің адамдарына, олардың тарихи мұрасына, мәдениетіне және дәстүрлеріне гумандық, сыйлаушылық қатынас;
- - тәрбиелеуде ұлттықты және жалпы адамзаттықты тәрбиелеуді ұштастыру;