Этикасы бар ма?

    

Жаздың аптап ыстығында, ми қайнатар күннің астына шыққанда "күннен қорғаушы" көзәйнек тақпайтын жандар кемде-кем шығар. Кәдімгідей көмегі бар. Көлік айдағанда да өте ыңғайлы. Түрлі-түрлі көздің жауын алатын көзәйнектер тартымды, жарасымдысы сұлулық та сыйлайды.

   Айтайын дегенім, осы көзәйнекпен кісіге амандасудың қаншалықты тәрбиелік маңызы бар?. Көзәйнекпен тұр, тұрма амандассаң болды ма?. Соншалықты маңызы қандай?. Алдыңнан біреу шықса, көзәйнегіңді алып амандасудың астарында  міндетті түрде сенің этикаға мән беруің жатыр ма? Аттап бассаң алдыңнан таныс кісі шығады. Сонда көзәйнекті бір алып, бір тағып жүруің мазаңды алмай ма?. Менде солай қалыптасқан, яғни, көзәйнегіңді, бір аласың, бір тағасың. Қалыптасатындайы да бар...

Бір жолы Пайғамбар жасын алқымдаған ағамызға көзәйнегін шешпестен келіп, жігіт ағасы «Ассалаумағалейкум»,-деп қолын ұсына бергенде, әлгі ағамыз:

-әй, тарт қолыңды, көзәйнекпен сәлем беретін сен кімсің? – деп қолын қалтасына кері салды.

Екеуіне де ыңғайсыз жағдай. Тіпті ұят. Адам сияқты сәлем берген жігіттің сәлемін кері қайтарған ағамыздың да, көзәйнегін шешпеген жігіттің де тірлігі түсініксіз. Неге сәлемін ала салмады, неге көзәйнегін шешпеді деп еріксіз ойланасың. Қайсы дұрыс?...

Сол жағдайдан бері ма, алдында қалай болғанына мән бермеппін, қазір міндетті түрде көзәйнектен «құтылып», амандық-саулық сұрасамын,   алдымнан үлкен кісі шықса. Сәлемімді алмай, ит-терімді басыма қаптап жіберетідей көрініп тұрады.

Бірақ, пендеміз ғой, өзім жақтырмай тұрған адамға мелшиіп көзәйнекпен амандаса беремін))..

Сіздер ше, құрметті достар? Жалпы қалай ыңғайлы, көзәйнекпен жүре береміз ба?))..



Бөлісу: