Ет үйреніп кетпесін..
блог
Қазіргі жасандылық сөзін естісем, жаста болсам жүйкем қозады. Бала кезімізде жасандылықты табиғатпен өлшеп қана қоятынбыз. Ал қазір, сөздің, көздің өзі сыйқырға толы. Адамды қалай арбап, алдап түссем екен деп тұрады. Мұндайға қалай қабақ шытасың?! Болмағасын өзімізде сыйқырлана жауап береміз. Содан не табамыз?! Барлығын іште бүгіп қаламыз.. Ренжісін мейлі,ренжімесін "сын айтылмай, мін түзілмес" деген бар. Мұрынның астынан міңгірлеп, басты көтере бере бетпердені киіп, ыржалақтағаннан беделі асқақтағанды көрмеппін! Шындықты айта білу қажет, өлсең де абыроймен өлерсің. Өкінішке орай жан тәтті ғой. Бетке айтып тік жүргенше, салбырап ізбен жүре бергенді жөн санайтындар қаншама!? Кезінде Ыбырай, Абай аталарымыз ащы шындықты айта білген, өз дегендерінен қайтпаған! Қаншама сағы сынсада, өмірдің тұрғызбастан жығатынын біле тұра күресе берген. Олар бала жасынан-ақ барлығын саналы түрде қабылдай білген. Ал қазіргі серілеріміз -деуге де келмейді, ер балаларымыз әлі бала! Сөзін де саналық бар да, қылығында шалалық бар. Бұл да тұнып тұрған жасандылық! Сөзі басқа,ӨЗІ БАСҚА! Тіпті, сезімді жасанды қылды қазір.. Баян мен Қозыдай, Еңлік пен Кебектей, ескерткіш қоюға тұрарлық махаббат жоқтың қасы. Мейлі қойылмасын ескерткіш, арналмасын өлеңде, бірақ өздерінің жүректерін бүлк еткізбеген неткен шынайы сезім бұл?! Бір бірінің бетіне келіп артық әңгіме айта алмаған ғашықтар болды ол заманда. Нәтижесіз, сүйемін, күйемін демеді.
Мен беттегі жасандылық туралы үндемейін.. Өтірік күліп, жасанды ерінмен, қаспен, шашпен мәз болып, адам менсінбей жүргендер қаншама?! Жасандылық жарға жығады, соны естен шығармайық. Бұл қасиет өзімізге тән болып кетпесін