Естен кетпес танго

Біз екеуміз таныс емес едік,

Желтоқсанның жиырма сегізі танысқанбыз.

Жаңа жыл мейрамында,

Екеуміз танго билеп жарысқанбыз.

 

Сол кезде жас жүрегімде,

Сіз өшпес із қалдырғансыз.

Айтатын болсам шындықты,

Сіз маған сол сәтте-ақ ұнап қалғансыз!

 

Қызардым, сәл бозардым бір қызығы,

Бетке шықпай тұра ала ма жүрек ізі?

Сезімімді түсінгендей болдыңыз сіз,

Мен де өзіңді ұнатып қалдым дегендей бір,

Дидарлы көзқараспен дөп өзіме нұсқадыңыз!

 

Сол күннен бастап,

Бейнеңіз кетпей көзімнен.

Қайтсем де ұмытамын десем де,

Кетпей қойды Танго биі есімнен!

 



Бөлісу: