Естен кетпес сол бір кез

 

   Естен кетпес сол бір кез...

     Адамның ең татті кездері мен естен кетпес естеліктері балалық шақта санаға мықтап сіңіп қалады. Себебі, жаңа өсіп келе жатқан жас өркеннің көрген қызықтары мен шыжықтары ақ қағаздай аппақ жадыға біртіндеп жазылады-мыс. Мархабат Байғұттың «Сексен қыз бен сегіз ұл» атты кітабы жастық шаққа сапар шектіреді.

    Кітап 22 беттен тұрады. «Сексен қыз бен сегіз ұл» тақырыбының өзі адамды қызықтарды. Тілі жатық, тез оқылады.

    Жазушы мен суретшінің ұқсастығы баршылық. Суретшінің асқан шеберлігін өз көзімізбен көрсек, жазушының өнерін көркем сөздер мен көрнекті тілі арқылы көзімізге елестетеміз. Бұл әңгімеде әрбір сөз бен сөйлемнің өз көріністері көлбеңдеп көркем сурет құрап шығады.

    Жазушы өз еңбегінде жақсылық пен жамандықты, мөлдір судай таза махаббатты суреттейді. Балалық шағындағы қызықты бір кезеңді Айтуғанов атты кейіпкерімен өзі болып сөйлетеді.

      Кітап жаңа өсіп келе жатқан жеткіншектердің таптырмас оқу құралы десек болады. Себебі, әңгіме желісіндегі ойнақы әзіл-қалжыңның, сотқарлықтың өзі осы жастағы балаларға арналып жазылғандай. Ойната отырып, ойлантады.

 



Бөлісу: