Естен кетпес кездесулер
блог
Бүгінгі күн ертең тарих-демекші, Қордай ауданы Қаркемер ауылына барып қайтқан сапарымыз сондай жоғары деңгейде болып өтті. Негізі қазақстанның әрбір жер қасиетті, қадірлі құтты мекен ғой. Қордай өңірі де батырлар мен ақындарға, би-шешендерге бай қасиетті мекен деп айтамыз. Арысы Қордай батыр, Кенен ақын, Кебекбай, Ноғайбай, Еркебай секілді би-шешендері бар, берісі Балжан Бөлтіркова, математик Мұхтарбай Өтелбаев, диктор Ғазиза Имашева, Досмұқасан ансамбілін құрушы Мұрат Құсайнов секілді исі қазаққа танымал көптеген тұлғардың кіндік қаны тамған жер. Сондықтанда бұл мекенге құрмет өзгеше. Біз ПҚ "Желтоқсан ақиқаты" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Тоқтабайұлы Құрымбаевтың ұйымдастырумен Қордайға келген сапарымыз өте сәтті болды.Біздің алдымен барған жеріміз ол Қаракемер ауылы еді.Қазақ халқына белгілі адамдар өсіп өнген бұл ауылда көптеген желтоқсан ардагерлері шыққан екен.Сол 86 жылдың саршұнақ сары аязында шовенистік жүиеге қарсы шыққан батыр ұл-қыздармен кездесу ауыл ортасындағы мәдениет үйінде өтті. Алматыдан арнайы келген құрметті қонақтар, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, "Желтоқсан ақиқаты" республикалық қоғамдық бірлестігі ақылдастар кеңесінің төрағасы Әбдірашит Бәкірұлы,Тарихшы, этногроф, академик Данияр Албозым, ғылым докторына кандидат Манатбек Итенов секілді елге белгілі ардақты азаматтар келіп қатысты.
Ауыл клубының іші мектеп оқушыларына лыға толған екен. Ине шаншыр жер жоқ. Мектеп директоры Гүлмира Батыралы қызы, Болат Төреев, Мұрат Қибековтердің ұйымдастырумен өткен кездесу тамаша бір тартымды күйде жалғасты. Әсіресе мектеп оқушыларының желтоқсан қанды көтерілісінде қаза болған Қайрат Рысқұлбековтың абақтыда жатқанда қанмен жазған өлеңі туралы қойған театральдық қойылым ерекше әсер қалдырды. Сосын Болат Құрымбаев желтоқсан ардагерлеріне қоғамға мүше болу құжаттарын сахна төрінде құрметпен табыстады. Келесі кезекте барша жұрт Әбіл Нүсіпбаев атындағы мектепке кіріп дөңгелек стол басында желтоқсан батырларына оқушылар көкейкесті сұрақтар қойып, қанағаттыралық жауаптарын алды. Оқушылар бұл кездесуде тәуелсіздігіміздің бастау бұлағы желтоқсан көтерлісінің қазақ елі үшін қаншалықты бағалы әрі маңызды болғанына көздері жетіп, батырлардың сол қанды оқиғадан алған зардаптарын өз ауыздарынан тыңдап ерекше әсер алды. Содан кейін, мектеп қабырғасында тұңғыш рет кeur кодпен әр желтоқсаншының өмір дерегі сақталған желтоқсан батырларының бұрышының салтанатты түрде лентасы қиылды.
Іссапардың келесі жалғасы ауылдан 10 шақырым жердегі Майтөбе биігінде кесенесі орнатылған қазақтың соңғы батыр ханы Кенесарының басына барып, батыр рухына құран бағыштап тәубе етті. Осылайша естен кетпейтін болған сауапты іс-шарлар шегіне жетті. Жалпы айтқанда желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі қазақ тарихында таңбалынып қалғаны ақиқат. Ия, кешегі ел, жер, тіл, дін, діл үшін бас көтеріп алаңға шыққан батырлардың ерлігін ел есінен шығармайды. Дегеніменде қаншама желтоқсан ардгерлері әлі күнге дейін ақтала алмай амалсыз, шарасыз күймен прокуратуралардың есігін тоздырып шапқылаумен әлек. Статус алсақ деген жанайқайларын да естір құлақ әзірге жоқ. Дегеніменде үкімет тарапынан биыл жылылық таныта бастаған сияқты.
Ақпарат көздерінен желтоқсан туралы деректі фильмдер мен өткір жазба, мақалалар шыға бастады.Оған тәубе дейміз. Сең қозғалғандай. Бүгінгі нұрлы кездесулерде сөз алған Алматыдан келген ардақты ағалар Данияр Албоз мен Әбдірашит Бәкірұлылардың желтоқсан оқиғасының мағынасы мен мәні және келешек ұрпақ үшін пайдалы жақтары туралы көтерген жоталы мәселеріне көпшлік айырықша риза болды. Желтоқсан батырларының кейбірі мектеп оқушыларының төсіне кеңес одағы кезінде баяғы октябрят белгісі секілді желтоқсан белгісін жасап қадап қойса артық болмас еді десе, кейбірі мектеп оқулығына желтоқсан көтерлісі туралы кіргізу керек деген ұсыныстарын ортаға салып жатты.Қарап тұрсаңыз ақылға қонатын ұсыныстар.Ұлттық рухта тәлім- тәрбиеге желтоқсан көтерлісі мен ардагерлерінің берері жетеді. Сондықтанда ұлт-азаттық үшін жан беріп,жан алысқан желтоқсан батырларына құрмет лайықты бағасын алар деген үміттеміз.