Естен кетпес балалық шағым
блог
Балалық шақ-әр адамның есінде шат күлкімен, қызықты күндерімен есте қалады.
«Бақыт деген-менің бала күндерім» -деп М.Мақатаев жырлағандай нағыз бақытты кездер деп балалық шағымызды айтуға болады.
Сәби кезімдегі қылықтарымды ата-анам айтқан кезде тіпті өзім сенбеймін, сондай адам айтса нанғысыз бұзық болған екенмін. (Қазір ондай емеспін, ойлап қалмаңыз!) Жалпы, үлкендер «Болар бала ...» деп тентектерге сүйсініп жатады. Бала күнімдегі кейбір қылықтарым әлі де еміс-еміс есімде, ешқашан санамнан өшпейтін де шығар.
Балалық шағым дөң басында шана теуіп, бақша ішінде достармен үй болып, арық жиегіндегі балшықпен ойнаумен өтті. Әрине, біреуге күлкілі болып көрінер, енді біріне осының барлығы да көз алдына елестер. Анамның үйге қонақ келгенде ән салып, би билеп, сықақ айтқызып қоятынын да ұмытқан жоқпын. Қанша ұялсам да, анамның көңілін қалдырғым келмейтін еді. Мектеп кезінде лагерьге барып, барлығымыз хормен ән салып, топпен ойын ойнап, алаңсыз бақытты сәттерді бастан кешкен кезіміз де болған. Бұның барлығы менің санамнан, жүрегімнен естен кетпес бақытты сәттердің естелігі болып қала бермек.
Қазір жасым он сегізде. Бойжеттім. Ой тоқтаттым. Кешегі бал күндерімді сағынышпен еске алатын болдым. Жасымда алған тәрбием мен білімім бүкіл өміріме өзек болатынына көзім жетіп жүр.