Уақыт...Қайта оралмас жылдар. Түсі өзгермесе де әр жыл сайын қайталанбас мезгілдер. Он екі күндей зулайтын айлар. Әр атқан таңға "шүкіршілік" ететін күндер. Бір бағытта зымырап отыратын сағаттар. Баға жетпес минуттар мен мезеттер...
Осылай уақытымыз өтіп жатыр. Бірақ әрқайсысымыздың көңілімізде бір сұрақ бары анық: "мен өмірімде не істедім?"
Ғалым, жазушы немесе басқа бір танымал тұлға боп тарихта қалмасаңыз ештеңе істемедім деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ сіз жай ғана тыныс алып, өмір сүруіңіз басқа бір жанға бақыт сыйлап, қуанышқа бөлейді. Немесе керісінше. Не болса да әлемді өзгертудесіз...
**************************************************************************
Бұрындары қызықтырған біраз дүние бүгінде қызық емес. Көңіл әр нәрсеге алаңдаулы. Кейде "мен кіммін?" деген сұраққа жауап таппаймын. Өмір сұрғұлт түске боялған секілді. Кейде өз-өзіме ашуланам. Ашуым басылған сәтте не үшін ашуландым деген сұраққа тірелем. Бейне бір басқа әлемде жүргендеймін. Бәрі жат дүние...
**************************************************************************
Өткен бір жазбаларымда өмірдің сынақ екенді туралы айтқан болатынмын. Бірақ сол сынақтың нәтижесі қалай есептелетіні жайлы сөз қозғалмапты. Оның нәтижесі бәріне біреу ғана: "қара жер." Нәтижесі біреу болғанымен жауаптар әртүрлі. Оны "өмір ұстазы" өзі саралап, үлкен екі сыныпқа бөледі..."Ж" сыныбы немесе "Т" сыныбы...
*********************************************************************************
Ойлар...миымды жан-жақтан жеп барады...Түн...Сезім...Таңертең басқа адамның рөлін ойнау керек екенін білуің, жатарда сол оймен жатып, оянарда сол оймен тұруыңның өзі азап екен.. Себебі солай істеуім керек-ті...Ал бұлай істеуім мені өзіңнен алшақтатады. Себебі сені бұл өмірге енгізгім келмейді...Қиналғаныңды қаламаймын...Ал сен бұл үшін кешірім сұрайсың, неге? Көріскенше, құрбым, басқа рөлдерде...
*****************************************************************************
Өмір мен сынақ егіз ұғым болса керек-ті. Бұл бес күндік фәни өмірлік есептерден құралған. Адамдар сынақ тапсырушылар. Сұрақ біреу: "Өмір...?"
Жауаптар әртүрлі. Біреу үшін ол - мансап, енді біреуге білім, келесісіне отбасы. Дәл осы реттілікпен жалғасып кете бермек. Өмірдің зерттелмейтін ғылым екенін ұлы философ ғалымдардың барлығы мойындап қойған-ды. Себебі өмірге ешқандай формула да, теория да енгізе алмайсың, оның өз есебі бар. Қатып қалған теориясы жоқ, ол әркімге әрқалай.
*******************************************************************************
Соңғы жазған "естеліктерімнің" көбі махаббат тақырыбында екенін өзім де байқамаппын. Қайтейін, сезімім жүрегіме сыймай тулап жүрсе. Сүйген адамыңды өзіңнен мыңдаған километрлер бөліп жатыр. Сен көрген жұлдыздарды ол да көреді, түні бойы сырыңды шерткен айға ол да сырын айтады. Шығыстан атқан таңды қарсы алып, жолығар сәтті ол да тағатсыз күтуде...
Махаббат десең, оның бал дәмімен қоса кермек дәмінде тата білу керек. Сезімнің шынайылығын уақыт пен арақашықтық тексереді дейді...
P.S.Махаббатымыздың мәңгі боларына сенемін!
********************************************************************************
Өмір бір орында тұрмайды. Бүгін бар нәрсе ертең жоқ. Адамдармен де солай екен. Жүз өзгеріп, мың құбылады. Өзгеруі мүмкін емес деген адамыңда өзгереді... Қайран өмір... Мен сенің сол қалпыңда қалғаныңды қалап едім... Кіршіксіз пәк, сезімге берік, сөзіңе нық... Рахмет саған, "Өмір"!
*****************************************************************************
Махаббат, шіркін...Миллиондаған жүректі тулатып, бақытты етеді. Ғашық болған соң, махаббаттың бал дәмін де, кермек дәмін де татуға тура келеді. Ойлайтын тек қана сүйгенің, айтатының тек қана сүйіктің. Мұны тек шын сүйгендер түсінер...
**********************************************************************
Кей сәттерде бұрын бақыт сыйлаған дүниелердің қазір көңіл-күйіңді түсіретіні өкінішті. Қайран "естеліктер"... Өмірге айтарым көп, сұрарымда жетерлік. Бірақ, әттең, тыңдар құлағы жоқ, жауап берер тілі жоқ. Мен адасқан жолаушы...
********************************************************************
Жалпы адам баласы өзі қатты жақсы көретін адамдардың ортасында қайғы-мұң дегенді ұмытады екен. Отбасы, туған-туыс деген ұғымдардың өте қымбат екенін олардан алыстағанда түсінесің. Туған жеріңнің топырағын сағынасың, құмды желіне шөлдейді екенсің. Әр нәрсенің қадірін өз заматында бағалай білгенге не жетсін...
***********************************************************************
Менен бір жан "сүю деген не?" деп сұрғаны бар еді...Әрине, мен жауап беруден жалтақтадым. Себебі өзім сүюден қорқа тұра, өзгеге бұл сезім туралы қалай айта алам, біреуді сүйе білудің соншалық тамша екенін қалай айта алам. Бір адамның "махаббаттың максималды шегі 20-25 жыл, ары қарай сыйластық пен жағдайаттар адамды бірге ұстап тұратын" деген еді. Ал "СҮЮ", шын сүю ол мәңгілік, жүрегіңнің дүрсілімен қоштасқанша...
**************************************************
Жаратушы Алланың өзі өз пенделерін кешіруден жалыққан емес, кешіре береді де. Ал мен, жәй ғана пендемін. Тәңірімнің өзі осыншалық мейірімді, қамқор болғанда, оның құлы, мына мен қайда бармақпын. Менде кештім. Бәріңді кешірдім...
******************************************************************
Әрбір адамның өмірде өзіне жүктелген бір міндеті болады. Әрбір адам сол міндеті арқылы әлемді өзгертеді. Біздерге ол білінбейді. Бірақ әрбір істеген ісімізбен, әрбір айтқан сөздерімізбен біз белгілі бір өзгерістер әкеліп жатқанымыз сөзсіз. Мейлі ол жақсы жағынан болсын, мейлі ол жаман жағынан болсын. Өзгерістің аты өзгеріс....
********************************************************************
Бұрындары өте жақын араласқан адамдаыңның кейіннен саған жат болып, араларыңнын салқындағаны қиын екен. Бала күнімізе достарымызбен ренжісіп қалсақ, ертесіне бәрін ұмытып кететін едік. Білмемін, есейгенде ондай нәрселер болмайды екен. Салқын, бәрі де жат. Ортақ әңгіме жоқ секілді. Ал негізінен айтар әңгіме де, шертер сыр да көп. Мұқағали атамызша айтқанда "сәби болғым келеді"
***********************************************************************
Бір тамшы жас...алдыңда тұрған жанның жанарынан ағып түскен бір тамшы жас! Сол жастың салмағы кеудеңе құлаған ауыр тастай. Қандай Толағай болмасын ол тасты көтере алмас. Себебі, ол адамның сенің өміріңдегі орны мен саған сыйлаған сәттері ешбір дүниеге, ешқандай байлыққа айырбасталмасы анық...
*************************************************************************
Махаббат...бір сөз-өмірлік сезім. Махаббат сезімін кез-келген адамнан табуға болады. Махаббаттың машақатын тартып, өмірін құрбан еткен талай ғашықтарды, еліне деген махаббатының күшімен жерін қорғап, өмірін қиған талай жау-жүрек батырларды білеміз. Керісінше сол өмірлік сезімінің арқасында бақыттқа кенелген жандарды да естиміз.
Жалпы, махаббат ұғымына келгенде сөзге шорқақпын. Неге екенін білмеймін, мүмкін, махаббат "лимитін" шектен тыс қолданып, шынайы сезімнің ауылынан алшақтап кеткенімнен болар. Сезімнің талай түрін көрдім. Біреулер сүймесе де "сүйем" деді, мен де "сүйем" дедім. Біреулер шын сүйіп тұрып "сүйем" деді, мен керісінше "сүймеймін" дедім. Махаббат заңы солай шығар сен біреуді ұнатарсың, ол сені ұнатпайды, сені біреу ұнатады, бірақ сен оны ұнатпайсың...
************************************************************
Шын сүйдім. Алғаш рет сезімге құлай берілдім. Алғаш рет гүл сыйладым. Бастапқыда бәрі жақсы болатын. Бірде сезімдердің суый бастағаны, жүректердің алыстай бастағаны сезілді. Бір күні сыйлаған гүлімнің бірнеше күнге жетпей солғанын естідім. Алғаш сыйлаған гүл солды - алғашқы шын сезім оты өшті...
*****************************************************************
Кей сәттерде мына жалған өмірден безіп кеткің келеді...күнделікті көріп жүрген нәрслерінді көрмесем екен дейсің...кеудеңде "атом бомбасы" жарылардай күй кешесің...кей сәттерде сол "атом бомбасының" жарылып, бәрінің аяқталғанын, өмірдің бірер минуттарға болса да тоқтағанын қалайсың...