Естелікке толы ОН.КЗ!

Естелікке толы ОН.КЗ!
жеке
блог

Он.кз жайлы қозғалар әңгіме көп қой. Себебі, өз ортасын қалыптастырып бізге көп достар сыйлады ғой...

Алғаш он.кз ке Жалғас Ертай алып келіп еді: "осында кел, жаз. Қазақша аудиторияны дамытайық" деп. Келдім, жаздым, оқып жүрдім. Алғаш келген кезде қазақша жазып, қазақша пікір қалдыратындар өте аз еді. Бірақ, он.кз тің командасы ешқашан бізді шараларынан, ұйымдастырып жатқан істерінен қалдырған емес. Қайта келіңдер деп жеке шақырып, көп қызықтармен бөлісетін...

Журналистикаға, жалпы интернетке байланысты жұмыс істеуге құлшынысымды ашқан он.кз еді. Сол үшін Ринатаға көп рахмет айтам.


Көп уақыт өтпей он.кз Алаштықтар (алаш айнасы) келе бастады. Назерке, Жарқын, Әзиз, Болатбек, Абай, Сәкен он.кзтің сәнін кіргізе бастады. Қазақ тілді блоггер өзімізше бір әлем бола бастадық. Кездесіп, караокеде ән айтып, махаббат құрып, дос болып біраз араласып кеттік. Айнара, Еркебұлан, Эльвира, Рауана, Сәруар қызы, Қыпшақ қызы,  бәріміз лентада отырып алып өсек айтатынбыз. Бір кішкентай ғана ауылдың бір балалары сияқты едік. Кішкентай ауылымызда өз радиомыз, өз телеарнамыз бар еді...


Он.кз ауылының оттары жарық болғаны сонша, түнімен ұйықтамай ойлап шығатын ем "Айна.тв- да не жазды екен а" деп. Жүргізушілер бүгін не қызық алып шығады екен, Эльви тағы жазды екен деп ойлайтынмын. Әзиз бізге бәрімізге тақырып беретін, жазыңдар деп :). Жетіскен соткам болмаса да соткадан кіріп оқып шығушы едім.

Он.кз те кімде не жаңалық, кімде не өзгеріс бәрін біліп отыратын ек. Небір түрлі конкурстарға жарыса қатысып, ол туралы жазатынбыз. Айтпақшы, мен ең алғаш клубқа он.кз тен ұтып алған билетімнің арқасында барғанмын. Хе хе хе.

ОЛ жақта "Бір сәт- бір әңгіме", "қол шатырлы қыз" деген никтермен жүрген ем :). Ал бұрынғы блогтарымды мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Он.кз пен қоштаспаймыз, себебі ол алыста қалған ауылымыз сияқты әрқашан есіңде жүрегіңде. Қазір массагеттеміз, массагет біздің мекеніміз :)