ЕСТЕЛІК БОП ҚАЛМАШЫ...
жеке
блог
блог
Көңілді күй мұңға алмасты сенсіз қап,
Мазалайды қалың сұрақ андыздап.
Неге, неге шуақ сәттер өткінші?
Міне, тағы адастырды арсыз бақ.
Білем, жаным жаралмаған егіз боп,
Көп ішінен елеңдеймін сені іздеп.
Күткен қиын, шаршатады осылай,
Күте берем, екі көзім сегіз боп.
Оралғым кеп сол көңілді қалпыма,
Сені іздедім айналамнан шарқ ұра.
Жете алмадым,
Кете алмадым соңыңнан,
Мен тұрмын ғой, бір қарашы. артыңа...
Сенсіз атып нұрсызданды таң мынау,
Сенсіз туған мұңға толы ән мынау.
Шыдамымды түгесіттің, тауыстың,
Бір-ақ сәтте сағындыра салдың-ау.
Мұңмен бітті,
Солай еді ән басы,
Тәтті күннің болар ма екен жалғасы?
Ораларсың, жүздесерміз, кім білер?.,
Тек әйтеуір, естелік боп қалмашы...
Мықтыбек Оразтайұлы