Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады?

Қазіргі таңда көптеген адамдар, жастар, қарт кісілер тіпті кейбір бүлдіршіндердің де есте сақтау қабілеті нашар екені құпия емес...

Қарапайым нәрселерді қажет кезінде еске түсіре алмай қиналамыз. Миға жаттығу жасау арқылы есте сақтау қабілетін жақсартуға болады. Бүгін осы әдіс-тәсілдерді сіздерге ұсынамын.

Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану рационының адамның жадына әсері мол. Адамның миы энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Есте сақтау қабілетін арттыруға көк шай, жаңғақтар, теңіз өнімдері мен зәйтүн майы көмектеседі.

Миды шынықтыру

Логикалық сұрақтар мен сөзжұмбақтар шешу, ойша санау, өлең жаттау, шет тілдерін меңгеру мидың жұмысын жаттықтыруға арналған. Сананың жалқаулығын жеңіп, шынықтыру арқылы есте сақтау қабілетін жақсартуға болады.

Ұйқы алдындағы ақпарат

Жақсы ұйқы – есте сақтау қабілетінің кепілі. Адам тәулігіне сегіз сағат ұйықтау керек. Ұйқы алдында оқу немесе ақпарат қабылдау – ең тиімді уақыт. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, адамның жадында сақталып қалады. Ұйықтар алдында бүгін күні бойы не істегеніңізді әр бір сәттеріңізді еске алып отырыңыз

Спортпен айналысу

Жас кезінде спортпен шұғылданған адамдардың басқа адамдарға қарағанда есте сақтау қабілеті жақсы екені дәлелденген. Мұндай тұжырымды Миннесота университетінің профессоры Дэвид Якобсон өзінің зерттеу қорытындысында көрсеткен. Әсіресе, жүзу мен жүгірудің ми жұмысын жақсартатыны анықталған. Спорт миға келетін қанның көлемін арттырады.

Жоспарлы түрде жұмыс істеңіз

Компьютердің жады сияқты адамның санасында да ақпарат толып қалуы мүмкін. Сондықтан, миыңызды қажетсіз ақпараттан тазартып, санаңызға жеңілдік жасаңыз. Күнтізбеге жоспарлаған істеріңізді жазып қойыңыз. Маңызды шаруалардың тізімін көз алдыңыздағы заттарға жазып қойыңыз.

Қазір менің жасым 17 де, алайда есте сақтау қабілетімнің нашарлағанын сеземін, тіпті кей кезде қазір жаттаған немесе оқыған ақпаратты ұмытып қаламын. Ендігі кезекте жоғарыда жазылған мәліметтерді дер кезінде орындап отыруға тырысамын)

Ал сіз ше?Массагеттік дос! Жоғарыда жазылған міндеттерді орындайсыз ба?)



Бөлісу: