ЕНУ?
Иәә ;)
Сразу 6-ға көтеріліңдер. Сосын 5-ке. Сендер көретін нәрселер сол жақта.
Ооо, қыздар кеттік. Сразу 6-ны бас, алтыыныы :)
Түу, міне жеттік. Ол кісі бізді ЕНУ-дан екеімізді қайдан біліп қойды екен, ә?!
Ммм... (есіктен басымызды сығалап тұрмыз)
Келіңдер, келіңдер! ЕНУ-дансыңдар ма? Келіңдер, жайғасыңдар. Мынау біздің сабақ оқитын жеріміз...
" Шабыт" университетінде Әшірбек Сығай негізін қалаған «Ес-аймақ» атты мәдени-танымдық пікірталас бірлестігінің ұйымдастыруымен Әкім Таразимен кездесу болады дегенді естіп, группадағы қыздармен барған едік. Кездесуден алған әсерімді, «Шабыттың» аурасын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аузымыз ашылып жүргендіктен, «Шабыттық» емес екенімізді көрген адам бірден түсінетін еді.
Әкім ағамен кездесу аяқталған соң естелікке фотоға түсіп, «Шабытты» араламақшы болдық. Қонаққа «кухния» қызық қой. Кітапханадан бастадық. Ондағы апайлар бізді бірден 6-қабатқа жіберді. Бірден ол жерге жібергені де тегін емес екен. Дәлізде шулаған балалар, майка, жамау нәски, трико дегендермен жүр. Өзіміз біртүрлі ыңғайссызданып қалдық. Сөйтсек олар спектакльге дайындалып жүрген болашақ актерлар екен. Әр есікті бір сығалап, дауыс шыққан жаққа ұмтылып қоямыз. Істеп жүрген іс-әрекеттеріміз осы болса, сыртқы демегенде қандай ой келсін?!
- ЕНУ-дансыңдар ма?
- Мхм...
- О, келіңдер, жайғасыңдар. Мынау біздің сабақ оқитын жеріміз. Мынау - группамыз. Қай факультетте оқисыңдар?
- Журфак
- Ооо, сұрақтарың болса...
О, Құдайым! Құдды бір анадан, бір әкеден туғандай-ау!
Болашақтағы армандары – осы бір группа болып бір театр ашу. Несі бар, ол жақсы емес пе?! Асыл армандары орындалсын деген тілегім бар.Үлкен сахнаға, арнайы спектакльдерге 3-4 курстарда шығады екен. «Шабыттың» аты айтып тұрғандай, мұндағының бәәәәрі шеттерінен өнерлі. Бірінен бірі асып түседі. Араларында ақындар да жетерлік.
Осы апта, қателеспесем, емтихан аптасы болды-ау. Себебі, коридорда әр кабинет есігіне топтардың аты мен сабақты тапсыру уақыттары жазылған екен. Коридорда у-шу. Әсіресе бесінші қабатында. Қолдарына баян ұстап балалар бұрышта дайындалып отыр, баспалдақта бір қыз қобыз тартып тұр, біраз қыздар коридорда спектакль қойып жүр, біреуі саксофонын құшақтап тұр, енді бірі айғайлап әндетіп жүр, біреуі орындықта отырып домбыра шертіп отыр... Әрқайсысы бір-бір аспаптан арқаларына іліп алған. Қандай әлемге келдік деп таңқалғанымыз рас. Біз универде тыныштыққа үйренген адамбыз ғой. Мұндай музыкалық аспаптар түгілі , қоңыраудың үніне нервымыз шыдамай тұрады)))Бірінші қабатында Ж. Жабаев атындағы үлкен зал бар екен. Бұрышта оркестор ойнап тұр, сахнада бір топ студенттер билеп жүр. Сабақтары солай өтеді екен. Рахат, ә! Біздікіндей іш пысу емес, төрт қабырғаға қарап отырмайсың)
Ашылғанына көп уақыт болмаған «Шабыттың» ішкі аурасы осындай болса, Алматыдағы Өнер академиясы қандай екен деп ойладық. Аралап жүргенде бұрында бір мектепте оқыған оқушыларды көріп қалдым. Олар да өнерлі болатын. Өнер ордасына тегіннен тегін, ну, екінің бірі түсе бермейтініне тағы да көзім жетті. Сырт көзге, «ЕНУ-дың студенттері дым көрмеген екен» деген пікір қалдырып кеттік па деп өзіміз ыңғайссызданғанымыз рас. Студенттердің өзі оқып жүрген университетіне қарағанда басқасына қызығатыны заңдылық болар деп ойлаймын. Мысалы, «Тұранның» студенттері Аграркаға, Аграрканікі ЕНУ-ға, ЕНУ-дікі «Шабытқа, «Шабыттағылардың» Назарбаев университетіне қызығады дегендей)
P.S. Әркім бір арманның жетегінде келген. Әрқайсысы бір-бір шыңды бағындырсам, биіктен көрінсем дейді. Әрқайсысысының жүректерінде ата-ананың үкілеген үмітін ақтасам деген мақсат бар. Жігіттер, қыздар, асыл армандарың орындалып, ата-аналарыңның ақ батасымен биік белесті бағыдыруларыңа тілектеспін және солай боларына сенемін! Сендер - қазақ театрының ертеңісіңдер! Сендердей жастар жерде қалмайды деп ойлаймын. Себебі: ұшам деген қанатқа – дүние кең! Қанаттарың талмасын!