Есте қаларлық кездесулердің бірі...

Есте қаларлық кездесулердің бірі...
жеке
блог

         Әдеттегідей бұл жексенбі күнім де күндегіден сәл ұзағырақ ұйықтаумен басталды. Ұйқым қанып тұрып, анау-мынау жұмыстарды бітіріп, күнді де өңгердім сақинасынан. Сөйтіп, сағат бестер шамасында қоңырау келді телефоныма. Қарасам, Мақпал Мыса апай! Кенеттен келген қоңырауға қуанып кеттім! Алматыға жұмыстарымен жолы түскенін айтып, кездессек деді. Алып-ұшып, жиналып, өйтіп-бүйтіп шығамын дегенше, бір сағатты оздырдым. Сөйтіп, өзіміздің жақсы бір кездесу орнымызға жетіп бардым, сәл кешігіп. Барсам, мені екі адам күтіп отыр екен. Бірі, әрине, Мақпал Мыса апайым, ал, екіншісі - Қайсар Қауымбек. Қос ақынды көріп, қуандым. Мақпал апаймен бұған дейін де кездескенмін. Соңғы кітабын сыйға тартқан еді өз қолтаңбасымен. Ал, Қайсарды Массагет сайтының кездесуінде көрген ем. Сөйтіп, шығармашылыққа еш қатысым болмаса да, осындай «жақсы» адамдармен жолым түйісіп қалатынына таң қаламын да, қуанамын. Осылайша, елеулі адамдармен бірнеше сағат уақытымды жақсы өткіздім. Әдеттегі жексенбі күнім әдеттегідей өте ме деп ем, жоқ, демалыс күнім есте қаларлықтай аяқталды. Сөйтіп, кештің есте қалуының тағы бір себебі - Ерлан Жүніс ағамыздың кітабы болды. Қолтабасын жазып Қайсар Мақпал апайға, ал, Мақпал апай маған сыйға тартқан бірінің қолы жетсе, бірінікі әлі жетпеген «Хауас» атты Ерлан Жүніс ақынның соңғы кітабын құшақтап, кездесу үшін қос ақынға алғыс айтып, үйге қайттым. Ақын да, жазушы да емеспін, бірақ сол бір ортаға жолымның түсе беретініне үнемі таңданамын... қызық. Мақпал апай, Қайсар, кешке көп рахмеет!

Қайсар Қауымбек ақынның Ерлан Жүніс ақынның "Хауас" атты соңғы шыққан кітабына "Қайсардан Мақпалға" деп жазып жазған сәті...

nj

Мақпал Мыса ақынның әншейін Мақпал Сембайға "Мақпалдан Мақпалға. Бекзат жырлар" деп жазып жатқан сәті...

juj

Есте қаларлық кеш болды...

jn