Эстафета!Жылдық есеп беру кезегі келді

Массагетке жазба жазып жүргеніме 2 айдың шамасы болып қалыпты.Ең алғашқы жазбамды қалай жазарымды білмей әуреге түскен едім,ал енді Светадан күтпеген жерден эстафета таяқшасын алып  неден бастарымды білмей отырған жайым бар.Ең алғаш массагетке тіркелгенімде маған беймәлім  эстафетаны оқып,эстафета жазу менің қолымнан келмейтін дүние деп ой түйген едім.Қолымнан келсе де,келмесе де жылдық есебімді беріп,эстафета таяқшасын басқа жанға ұсынуым керек.Ал онда бастайын!

Жыл цитатасы: «Тәуекел түбі-желқайық,өтерсің де кетерсің»  (Бұл цитатаны таңдаған себебім,бұл жылы тәуекелге бел байлап,екі жолдың біреуін ғана таңдайтындай  сәттерім көп болды)

Жыл танысуы:Қазақстанның түкпір-тікпірінен оқу іздеп келген группаластарыммен танысуым бәрінен де ерекше.Тез тілтабысқыштары сол сәтте лидер болып алды,ал мен болсам 1-2 айдан соң барып группамен еркін араласа алатын болдым.Алғашқы кезде томсырайып,тұйықтанып жүретін едім,ал қазір болса жағым тынбайтын болды)))))))Тек группаластарымның арасында.

Жылдың ең үздік мерекесі:2 қыркүйек күні болған 1 курстарды қабылдау салтанаты.ЕҰУ алдына жиналып,концерт тамашаладық,ең бастысы ЖжСФ студенттері,студенттік өміріміздің алғашқы парағын Намазалы Омашев ағаның  ақ батасымен бастадық.

Жыл жаңалығы:Қазақстандық шоу-бизнестің ілгері қадам басуының дәлелдері-«EMA», «Астана Жұлдызы», «Түрквижн» т.б музыкалық  байқаулардың өтуі.Өзіме келер болсам,массагеттіктермен кездесуім жылдың жаңалығы.Мен массагет деген сайттың барын Астанаға келіп бір-ақ білдім.Не деген артта қалып қойған адаммын өзі...Інім биыл мектепке барды,туған күндерді,мерекелерді оларсыз қарсы алуға үйреніп те қалдым.Қайда жүрседе аман болсын.

Жыл сусыны:Шәй-үшеуі біреуінде,біздің асханаға барғанда алатын №1 сусынымыз.

Жыл тағамы:Пирожки мен самса,пирог.

Жыл жемісі:Әпкем әкелген ішінде  дәнегі болмайтын жұп-жұмсақ,домалақ құрмасы.

Жылан жылында туған қызығушылығым:Сайттарға тіркеліп,блог жазу.

Жылдың ең үздік сайты:Әрине,Массагет!!!2-ші орында ЕҰУ сайты,платонусты күнде қарап отырғандықтан.3-ші орында реферат,зерттеу жұмысы,баяндама  т.б туралы сабаққа көмегі тиетін сайттар

Жылдың ең үздік әндері: «Қазақтың қыздары» , «Ризамын» Кешью, «Асылым» Айқын, «Алға» Әли Оқапов

Жылдың ең үздік актрисасы: Suzy (кореялық сериалдарды жақсы көремін,бірақ енді оларды арналар көрстпейдіііі)

Жылдың үздік кітабы: «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің кітабы,адамға керек дүниелер-қорғану,қауіптің алдын алу,ластану,алғашқы көмек көрсету,т.б.Әдеби кітаптардан-соғыс уақытындағы ауыл өмірін суреттеген,мен үшін бірінші орында-«Жабайы алма»

Жыл адамы:Сауытбек Әбдірахманов!Әр айтқан сөзі бағалы!

Жылдың ең сүйікті мекені:Туып-өскен ауылым!Қадіріңді жырақта жүріп түсіндім.

Үздік фильм,телесериал: «Гу әулетінің шежіресі», «Тракторшының махаббаты», «Күләш», «Елбасы жолы» киноэпопеясы

Ең үздік бағдарлама:Түнгі студия,Қазақстан дауысы

Жылан жылының ерекшелігі:Бұл жылда қатты уайыммен,қорқынышпен,жалғыздықпен,үзілуге шақ қалған үмітпен өткізген күндерім аз болмады.1 жыл бұрыңғы арманым орындалды,бірақ қуанышым көпке созылмады,қазіргі таңда арманым аяқ асты болып қалғандай.Жылан жылында қатты есейдім.Ата-ана,бауырларымнан алыста жүріп бұрыңғыдан да кемелдендім,толыстым.  Көп нәрсенің қадірін білдім.Алтын ұя мектеппен қимай-қимай қоштастық.Енді апай сабақ айтайыншы,кеше қонақ шақырып едік деген сөздерді түсімізде айтатын боламыз.Қайран,бейқам өмір десеіші.Бағаңды білмеген мен сорлы....ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып,аттестат пен сертификатымды арқалап Астанаға келдім.ЕҰУ-ға құжаттарымды тапсырып,грант иегерлері тізімінен көріндім.Бұл оқиға шытырманға толы болатын.Теледидардан көріп мәз болатын жұлдыздарды  өңімде көретін болдым.Жұлдыздардың қарапайым адамдардан айырмашылығы шамалы,тек атақ-даңқы,дарыны ғана.Оқу келгелі көптеген қызықтар болды.Группамен қыыдыырдыық,туған күндерді атап өтеміз,енді міне,емтихан тапсырудамыз.

Жылқы жылынан күтерім:Ауылға тезірек бару,Астанадан жұмыс табу))))))))))),сабақты тек 5 –ке тапсыру,тіл үйрену т.б.Жылан жылына арналған эстафетаның тізгіні  Ғалия Жакенде!!!!!!!!!!!!

 

 



Бөлісу: