Эстафета. Танысу. Мадлен ұсынған таяқшаны қабылдау!!

Сәлем, Массагет!


1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Аты-жөнім Риза Исаева. 1979 жылы 27 қыркүйекте дүниеге келгенмін. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Тұзкөл деген шағын ауылдың тумасымын. Бұл ауыл Мұқағали жырға қосатын Шәлкөде жайлауының маңында.... Сондықтан, шалғайдағы ауыл болса да, "жалғанда жер біткеннің бал-қаймағы" осы жер! Тұрмыстамын, екі қызым бар... үшіншісін 1-2 айда күтіп отырған жәйім бар!

2. Хоббиің не?

Анау айтқандай ерекше бөліп айтатын хоббиім жоқ. Әу демейтін қазақ жоқ, анда-санда ән айтып жеңілдеп қалғанды ұнатам. Қазір, балаларымның психологиясын зерттеу, солардың қызығушылығын тану хобби болып жүрген секілді... негізі ол хобби емес, менің бірінші міндетім болуы тиіс секілді ме, қалай өзі... Көбіне көп, жаңа істі, жаңа бағдарламалаларды (компьютерлік) үйренгенді ұнатамын.

Жұлдыз жорамал. бұл сұрақ па, түсінбедім... негізі мұндай жорамалға аса сене бермеймін.


3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

 Араб Әмірліктері мен Малайзияға барғым келіп жүр... Атың барда ел танығанға не жетсін!!

4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Бұл аталғандардың барлығы да өмірге жәйдан-жәй келе салмаған шығар, оларға да Жаратқанның қойған міндеті бар шығар! Адам болу міндетін де адал атқара алсақ, соған не жетсін!!!


5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Адам боп келдім өмірге - адам қалу парызым! Жалпы белгілі бір қанатты сөздерден ғана қуат алып жүрмін деп айта алмаймын. Жақында Ислам ойшылдарының бірінің мынадай сөзін оқыдым: "Бала сенің меншігің емес, сен оның дүниеге келуіне себепші ғанасың!" дейді...осы сөздер мені қатты толғандырды, балаларыма деген көзқарасым өзгеріп, жауапкершілігім үстемеленгендей болды ма...солай. Ал, ұстанымым тек қана "Алға!" Тоқтауға, тоқырауға жол жоқ!

6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Оуууу, бұл сондай ойлануды талап ететін сұрақ екен)). Шынымды айтсам, ешкімді алдап, өтірік есім жазбау үшін, ұмытып қалғанымды мойындаймын! )))

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?
Тым аңқау сұрақ екен! Жақсы көру деген бір қатып қалған дүние емес секілді. Өйткені егер жақсы көрген болсаң, сен ол адам туралы ешқашан жаман нәрсе ойламайсың немесе жамандық күтпейсің деген секілді....Мысалы, күйеуімді де толыққанды жақсы көрем деп айта алмаймын ғой... кейде оны да жек көретін сәттерім болады....

Қыз статусынан өтіп кеткендіктен, бұл сұрақ жауапсыз қалсын...)))

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?

Менде кумир жоқ! Еліктеуден немесе біреуді пір тұтудан гөрі, үйрен де жирене білуді ұстанғанды жөн көрем!!


9. Сүйікті спорт түрі?

Бала кезімнен спортқа қырым жоқ!


10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?


Менің атым Қожа! Қыз Жібек! "Саған күшік керек пе?" (Қанымбек Қасымбеков)


11.Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?

Үйде әйел адамның ақылына, ер адамның харизмасы мен сабырына, балалардың зеректігіне сүйену артық болмайды!

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Әркімнің өз қалтасы болуы керек. Ортақ ақша жинағысы келсе, өзінен артылғанын ортаға салсын! Ал негізі ер адам асыраушы! 

13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Қуана-қуана барар едім! Сол жерден тәжірибе жинақтап, бір жағынан оған сүйеу болып, өзім де көп нәрсе үйреніп қайтар едім!!


Мадленнің қойған сұрағы: Киім киюде қандай стильді жақсы көресің?

Анау айтқан бір стильді ұстанамын деп айта алмаймын. Спорттық үлгідегі, класскикалық үлгідегі және қазіргі трендтерді де ұстанғанды жө көрем. Киім ең алдымен саған жарасымды, қонымды болуы керек. Ал сән күнде өзгереді. Артық кетпей, көштен қалмай жүргенге не жетсін!

Маржан, эстафетаңа рахмет!!! Мен оны Айжантабынға ұсынамын!

Сұрағым: Адамның өзін-өзі бағалауы, оның рухани дамуымен байланысты ма? 



Бөлісу: