Эстафета. Танысу анкетасы
блог
Сәлем, Массагет!
Қызғалдақ деген арудың берген таяқшасымен эстафетаны жалғастырайын!
1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет
Казнеттегі блогосферада madlen деген никпен жүремін.
Аты-жөнім - Маржан Тулеева. 18 сәуір 1987 ж. дүниеге келдім. Алматыдағы инязды бітіріп, қазір туризм саласында жұмыс жасаймын.
Туған жерім ОҚО болғанымен, Алматыда тұрамын. Осы қаланы қатты жақсы көремін және оны өмірдегі басқа ешқандай қалаларға ауыстырмас едім...
2. Хоббиің не?
Қызуғышылықтарым уақыт өткен сайын ауыса береді. Көбіне жұмысыма байланысты. Студент кезімнен қалада тегін таратылатын афиша журналдарды жинаймын. Онда көбіне қаламызда болып жатқан, енді болатын мәдени-әлеуметтік іс-шаралар туралы жазылады.
Қаламызда болатын "гламур тусовкаларда", жаңадан ашылған демалыс орындары, ресторандар немесе қонақүйлердің презентацияларында немесе әр түрлі тақырыптық патилерде болғанды ұнатамын.
Жұлдыз жорамал.
3. Қай елге саяхат жасағың келеді?
Оңтүстік-шығыс Азияны көрдім, Европадан тек Италияда болдым (бірақ соның өзі жетіп жатыр:)).... Енді Жапонияға барушы едім. Инязда жапон тілі және мәдениетімен біраз таныс болдым, енді өз көзіммен көргім келеді.
4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?
Тек адам болғым келеді :)
5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?
Все, что не убивает нас, делает нас только сильнее. (Ницше)
6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?
Балалар лагерінде. Сүйісуден гөрі корей сериалдарындағы ерін тиістіру ғана сияқты болып көрінді :)
7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?
Алмасты. Бірақ қазір бірге емеспіз.
8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир). Неге ол адам?
Одри Хепберн. Еліктей әдемі, нәзіктіктің эталоны.
Сати Казанова. Супер әдемі, талантливая.
9. Сүйікті спорт түрі?
Ноу комментс :)
10. Сүйікті фильм? Неге дәл осы фильм?
"Ванильное небо". Мықты сюжет, соңы немен бітетінін алдын-ала болжап болмайды, мықты актерский состав. Әдемі махаббат оқиғасын кішкене фэнтэзиға ұштастырса, осындай шедевр шығады.
"Гарри Поттер". Балалық шағымнан бері көріп, келесі бөлімін күтіп, фильм кейіпкерлерімен бірге есейгендей болып көрінемін өзіме.
11.Үйде кім басшы болу керек деп ойлайсың?
Үйде басшы болу керек деген түсінік болған заманнан өттік.
12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?
Алдыңғы сұраққа жауаппен бірдей.
13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?
Қиын сұрақ. Жоқ деп ойлаймын. Жақындарымды, ата-анам мен сіңлілерімді, достарымды тастап кеткім келмейді.
Сәнияның қойған сұрағы: «Бұйырған кетпес, жүгірген жетпес» және «Әркім өз бақытының ұстасы» дейді, қалай ойлайсын өмірде адам нені өзі таңдай алады, жасай алады және қай жақтары Алланың бұйрығымен келеді? Тағдыр деген..?
Тағдырға сенемін. Дегенмен, өзімнің де қолымнан сол тағдырды өзгертуге болатынына сенемін. Адамға бірнеше рет шанс беріледі, дер кезінде дұрыс қолдана білу керек. Мысалы, алдыңа келіп тұрған адам сенің "половинкаң" екенін сезсең, одан ешқашан айрылып қалмау керек, барынша тырысып бағу керек. Тіпті оның саған деген сезіміне сенімді болмасаң да. Жақсы көру деген барлығына да беріле бермейтін ғажап құбылыс. Сондай Алланың берген сыйлығын жоғалтып алу, меніңше, барып тұрған бассыздық. Сол сияқты, жұмыста да, қоғамда да.
Анкетаны ұсынар адамға қоятын сұрағым: Киім киюде қандай стильді жақсы көресің?
Эстафета кезегін 31 канал веб-редакторы Риза Исаеваға беремін.