ЭСТАФЕТА: Сүйікті әндерім!

 

Тә-ә-әәк, кезек маған келіп қалыпты ғой. Раукош, рахмет!

Негізі көшеде ұялы телефон арқылы құлаққап киіп алып, музыка тыңдайтын жандардың қатарынан емеспін. Музыканы үйде ноутбукты дыбысүлкейткішке жалғап, бар дауысын шығарып тыңдап, әрі соның ырғағына билеген қатты ұнайды. Кейде Мөлдір көз сияқты мен де ұйықтар алдында құлағыма құлаққап киіп алып, «Love» радионы қосып қойып, ұйқы деген пойызға мініп кететінім бар. Шынымды айтсам, сол тыңдаған әндерімді ең болмаса қайырмасына дейін жатқа білмеймін. Оқып отырып, күлетін шығарсыздар. Неменесіне тыңдайды деп. Сондаймын енді қайтесіздер. Ән деген көп. Дәл қазіргі уақытта тыңдап жүргендерімді жазайын.

0. Jennifer Lopez feat. Pitbull - On The Floor. Өзім үшін ессіз билеймін!

1. Shakira - Waka Waka (Time For Africa)

2. Massari & Edward Maya - Dancing For Your Life

3. Super Junior - Mr. Simple.

4.BiBak ft Ramin Montazeri Tanham. Ойй, осы әндердің бәрін қайта-қайта қосып қойып секіріп тұрып билеймін. Позитив!))

5. Меломеннің барлық әндері ұнап жүр. Әрине, Массагеттің арқасында. Бұрын мән бермейтін ем бұл топқа.  Әсіресе, «Абайла сұлу қыз!» әні ұнайды.  

6. «Жаздағы жылы нөсердей, мұншалық ғашық етердей кім едің...» деп басталатын бір ән бар. Кім айтатынын білмеймін. «Бір сәт – бір әңгіменің» Мой мирдегі әлемінен ұрлап алғам! Сол әнді тыңдап, шынымен кім едім деп ойланып қалам кейде.))

7. Sami Yusuf-тың  — «My ummah» деген әнін тыңдап, иманымды күшейтіп, Жаратқанды  есіме алып, Аллаға шүкіршілік етемін.

8. Мәдина Сәдуақасованың «Жауапсыз махаббатын» тыңдап, бір жанды есіме аламын.

9. Түрік әншісі Rafet El Roman-ның  – «Beni Affeder misin?» әнін тыңдаған кезде, сол бір жан өзімнен кешірім сұрап тұрғандай әсерде боламын.

10. Andrea Bocelli & Sarah Brightman «Time To Say Goodbye» әнін тыңған кезде жүрегім алқынып, таудың басында желбіреп тұрғандай сезінемін ғой өзімді. 

11 Тағы сол Сара Брайтманның  «Нежность (Вокализ. С. Рахманинов)» әуенін тыңдаған кезде әуеде қалықтап ұшып жүремін. 

12. Secret Garden-Songs from a Secret Gaden - скрипка мен фортепианоның қосындысынан шыққан тамаша әуен. Нағыз музтерапия! Жаныңды емдейді.

13. Сосын осыған ұқсас баяу әуендер мен медитациялар, қазақ ақындарының аудио өлеңдері мен монологтарын тыңдап тұрамын. Нәтижесі керемет! Сіздерге де тыңдауға кеңес берем.Жаның тазарып, көрінбейтін көңіл терезең бір ашылып қалады! Мекен-жайы: Менің Әлемім!)) 

 

 Пы Сы: Таяқшаны Еркебұлан Қайраханға лақтырдым! Қағып ал, Еркебұлан! Әйтпесе, кілең қыздар болып кетті! Десең. ))



Бөлісу: