1. Корейлерге қашаннан бері қызығасың? Там-тұм тарих.
Корей сериалдарына «отырғызу» бұл да бір эффектно уағыз айтып жіберумен пара-пар сияқты. «Мынаны көр, мынаны көр» деп 3-4 диск жазып берген еді monti, сөйтіп корейлердің шырмауында қалдым. ))
2. Осы уақытқа дейін көп білмейтін бір оқиғаны айтып берші. Шамалы шындық.
2004 жыл болатын. Отбасымызда бір қиын кезең болды. Әке-шешем ауырып, одан інім ауырып... мен бірінен кейін біріне ауруханаға тамақ тасып әлекпін. Үйде сәйкесінше ақша жоқ. Мен колледждің үшінші курсын бітіріп, келесі оқу басталғанға дейін 5 ай демалысты (2 айы практика) пайдаланып, жұмыс істейін дедім. Қолымда әлі білім алып жатқандығым жайлы және «Қазақ энциклопедиясында» өткен тәжірибем жазылған түйінім. Ана собеседованиеге бір шақырады, мына собеседованиеге бір шақырады, бірақ алмайды. Жұмыс таба алмай қиналдым біраз. Абай-Гагариндегі «Баспалар үйінде» әпкем істейтін еді. Бар үмітім сода, сол үлкен ғимараттан бір үмітті болдым. Әпкеме барған сайын «Ана тілі баспасы» деген тақтайшаны көріп, «Шіркііін, осында істесем ғой» деп армандайтынмын. Бір күні, әпкем әйтеуір бір оқулықтар шығаратын, жаңадан ашылған баспаға шақырды. Бардым, «Не білесің?» дейді «Бәрін білемін» дедім. Сөйтіп, ертең кел деп жіберді. Таңғы тоғызда барып, есігін әрі тартамын, бері тартамын, ашылмайды. Есігін тоқылдатып та көрдім. Ашылмайды. Сағат онға дейін сол жерде тұрдым. Сосын шықтым да бұрыштағы киоскіден тағы да «Вакансия» газетін сатып алдым. Сол жердегі саябаққа барып, скамейкаға отырып, ана газетті ашып, көз жасып сырғалап отыр. «Тағы да жұмыс іздеу керек...» деген ой әбден күйдіріп жіберсе керек. Қажет деген вакансияларды белгілеп, ана жұмысқа тағы көтеріліп көрейінші дедім. Барсам, есігі айқара ашық жатыр. Кірсем, «қайда жүрсің?» дейді. Мен сол таңертең келіп, есікті аша алмағандығымды айтып, түсіндірдім. Сөйтсе, есік солай істемей тұр екен. «Қаттырақ тоқылдатпадың ба» дейді. Әйтеуір, солай ең алғашқы жұмысыма тұрған болатынмын. Кейін өзім армандаған «Ана тілі баспасына» да кірдім. Ол жерде де біраз тәжірибе жинап, қатал болса да ішінде бір түйір мейірімі бар Жақау ағаның өнегесін алып қайтқанбыз. ))
3. Қазақтан басқа, қай ұлт болып туылуды қалар едің? Сәл-пәл сыр
Корей азаматы болып туылғым келер еді. Өте еңбекқор ел. Сонымен қатар ол жақта адамдар да өзім сияқты миниатюрный, біздегідей басқаларға қарап, комплекс болып жүрмесің )))
4. Көктемгі депреснякқа осы жолы өзімнен бастап біраз танысыма дейін түсіп қалды. Өзің қалай құтыласың/құтылар едің осыдан? Аз-мұз ақыл.
Мен өзім де көктемгі депресснякқа түскен болатынмын ))) Ештеңеге зауқым болмай, үңгірге ме тығылып, ештеңені ойламай жатса ғой, шіркін деп. )) Бұл күйзелістен шығудың амалы болмады. Жаймен, өзі кетіп қалды, яғни өзім шығып кеттім. Дәрумендер іштім. Жай ғана сабыр сақтап, уақыттың өтуін күту.
5. Елдің бәрі күліп жатқанда аңтарылып қалып, тынышталғанда ырқылдай жөнелетіндер туралы не ойлайсың? Кішкене күдік
Кішкене күдік деп мені айтпаған шығарсың, надеюсь )))) Негізі мен кез-келген приколға күле берем. Енді біреулер бірден қағып алатын зерек болады. Біреулерге дұрыстап түсіндіру қажет. Қалжыңнан бұрын сөз түсінбейтіндермен араласу қиын.
Эстафета кезегін Айнараға бере отырып, мынадай сұрақтар қоямын:
1. Адам неге қателесіп жатқандығын біле тұра қателіктер жасайды?
2. Шопоголик – эгоист адам деген тұжырыммен келісесің бе?
3. Өз-өзіңді сыйлау неге негізделеді: намысқа ма, әлде өркөкіректікке ме немесе өз вариантың.
4. Аралды қатты жақсы көреді екенсің. Аралдың жігіті тұрмысқа шақырса шығар ма едің және Аралда тұрар ма едің?
5. О дүние бар ма?