Эстафета: сериалдарым :)

1. Бала кездегі сериал.
Бала кезде сериал көргенім жоқ. Көрсем де есімде қалмады. «Актив» балақай болдым))) бір жерде тыныш отырмаймын :). Әкем Комиссар Катани деген италяндық сериалды ұнатып қарайтын, есімде қалғаны кейбір кадрлары(((, зорлық/зомбылық көп, италян мафиясы очм :), хэпи ендсіз, басты кейіпкер атылып өлді кажись...
Егер менің меркаммен, 19-20 жасымды балалық десем :) тап сол кезде Латын/Америкалық Клон сериалын көргем. Басты кейіпкер Жадидің шығыс биі қатты ұнады. Күйеуі Саидта қатты ұнады, осы 2 актерлер мықты сомдағандықтан жақсы көрдім :). Батыс пен Шығыс арасындағы айырмашылық, өндір өзін таппай жүрген әйелзаты :) біз қыздар сондаймыз енд))), біздер өзімізді-өзіміз түсінбейміз, басымызда бомба бар)))), бірақ Жадидің тағдырын ешкімге бермесін құрсын ;) со үшін отырған орындығыңыздың тақтайшасын қағып қойыңыз өзімен кетсін деп ;)

2. Қазір көріп жатқан сериалым
Style корея дорамы. Басты кейіпкер шеф-редактордың, күлкісіне крышам кетті)))) прям күлген кезде, мұрнының үстіндегі әжемдер әдемілік беріп әрлендіреді екен)))) жақында он.кз блогында жазғандай өткен жылы, Sex and the City көрдім :) Секасы көөөөп ;), дәл сол тұсын өткізіп жіберіп... көріп тастауға болады ;), айтқысы келгені, дос қыздардың үлкен достығы.

3. Сериал желісіне қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
ештеме өзгерткім жоқ))) өзгерт десем өзгертпейді ғой бәрібір))) қызық сұрақ қоясыз дачы)))) жәй қалжың))) негізі айтқыңыз келгені, не ұнайд? Не ұнамайды шығар ә? ;) қазір уақытым тығыз ;) сол үшін, сериал көрмес бұрын, инет аман болсын, соны бір шолып, мазмұнын біліп, нені қалаймын, нені қаламаймын деп қарап шығамын :). Болады енді, кейде кореялық дорамдар сағыз сияқты созылып кетеді, ондай тұстарын өткізіп жіберіп, зато көргім кеген жерін бірнеше рет айналдырып көремін)))

4. Есте қалған, селт еткізген, ұмтылмас жақсы әсердегі сериалым? осындай тармақ қосып қойдым, ренжімесеңдер :) Негізі қазір осы сайт үшін аударып жатқан, бір жынды сериалым бар))) аты Magerarenai Onna/Бескомпромиссная. Басты кейіпкер Огивара Саки менің айдолым))))) бұл кейіпкерді көріп отырып өзімді көремін))), Күтіңдер, көріңдер, ұнауы/ұнамауы мүмкін ;) деп пиарлап кеткен дид па))))
Dream High, ох қандай керемет сериал десеңші, тек көру керек бұл сериалды. Адамдар достығы, Мектеп/білімге құштарлық, т.б. темалар маған қатты ұнайды Корей/Жапон дорамдарында))) Осындай тағы бір Playfull kiss/тентек сүйіс корей дорам бар. Прям басты кейіпкерді ойнаған актер/модел/әнші Ким Хен Чжун мықты өзін көрсете білген. Егер сол сериал болмаса тап қазір, ғашығым Ким Хен Чжун демес едім))))


Оқуға тура 3,78 мин. кетіргендеріңізге рахмет :)
Таяқшаны, балдарға берейік ;) он.кзда біраз балдардың блогын оқушы едім, тап қазір есіме түйсей тұр ешқайсысы))) сол үшін, жұлдызды блог иесі Ботикке берсем :)



Бөлісу: