Бұл эстафета таяқшасын Анараның бергеніне бірнеше күн болған... Бірақ, эстафетаны Айжаннан (Бір сәт - бір әңгіме) басқа ешкім жазбаған секілді.
Енді тақырыпқа көшелік... Қыз бала болып жаралғаннан кейін, қызыл көрсек, көзіміз жайнап кетеді. Жылтырақ дегенім ғой... яғни сырға-сақиналар, бәр сөзбен айтқанда, әшекей бұйымдар.:)
Бес жасымда алғаш рет құлағымды тестіріп, сырға таққанмын. Сырға тағамын деп жылағаным есімде, тақырбас басыма қарамай... Не дегенмен, затым қыз ғой;) Бесінші сыныптан сағат, сақиналарға әуестігім оянды. Тоғызыншы сыныпқа көшкенде, күннен қорғайтын көзілдіріктерді "понт" үшін тағатын болдым. Он біріншіге келгенде қас жұлып, бояна бастадым:)
Студент атанғалы міне, қазірге дейін әшекейлерге қызығушылығым барған сайын оянып келеді. Бұрымымды өсіріп, небір шаш үлгілерін жасауды да осы студенттік шақта үйрендім.
Өзім әшекей заттарды қажетіме қарай сатып аламын... Көбінесе құрбыларым, туыстарым және және.... жігіттер сыйға тартады:) Айтпақшы, жігіттер жағы қыздарға әшекейді өте жақсы таңдайды. Және олар сыйлаған аксессуарлар ұзақ қолданылады...:) Сырға, сақина сияқты майда бұйымдарды өте жиі жоғалтып аламын. Оның үстіне үйге туысым не құрбым келсе, құр қол қайтармайын деп сыйлаймын. Сонымен жылтырақтарым көп емес...
Бұл шашқа тағатын ленталар. Қазір мұндай аксессуарлар сәнде! Мынау мендегі жоғалмай қалған ленталар...
Шашым қалың болғандықтан мынадай майда-шүйделерді көп қажет етеді.
Қолға білезік пен моншақтарды таққанды ұнатамын. Соны білген әпкелерім осындай сыйлықтарды береді. Көзі бар білезіктерді таға бермеймін, олар - мамамның Аралға барған сайын беріп жіберетін білезіктері..
Сақина менде екеу-ақ. Оң жақтағы тиффани сақинасын Анара өткен жылы жаңа жылға сыйлаған. Сол жақтағысын бір группаласым сыйлап еді кезінде... Сақиналардың өте аздығы саусақтарымның "нестандартный" болғанынан шығар. Жақында әпкем күйеуге шыққанда, кит тарату кезінде сақинаға ие болған ем, қолыма үлкен болуына орай, бір туысыма бере салдым.. ;)
Бұл - "запонка". Иә, кәдімгі ер кісілер көйлектерінің жеңіне тағатын әшекейi. Бірақ қыздар да тағады мұны. Мынау - менікі. Қара көздісінің бір сыңары жоғалған.
Сағатты әдемілік үшін емес, қажеттілік үшін тағамын.
Сырғалар... Көбін сыйлыққа алғанмын. Ортасындағы екі "жалғызбасты" сырғалардың сыңарлары жоғалып кеткен. Тастауға қимаймын:) Сырғаларды шаш үлгісіне қарай тағамын. Мысалы, екі жаққа өрілген шашпен міндетті түрде қазақша сырғаларды тағамын.
Мен мектеп бітіргеннен кейін 17жасқа толған туған күніме Папамның сыйлаған алтын сырғалары. Тастамай тағамын, өйткені бұл сырғаны қатты жақсы көрем!
Мамам өткен жылы Аралға барғанымда тағып жіберген сырға ғой:)
Алқа менде біреу-ақ. Бірақ тақпаймын. Жеңгемнің сыйы..
Тырнақтарымды қою түске бояғанды ұнатамын, сондықтан менде лактардың топтамасы бар...
Әлсіз тұсым - шарфтар.
Шашымды көп әурелейтінімді жоғарыда айтқанмын, шашым тек "Syoss" сериясының иіссуларына, бальзам, лактарына ғана көнеді.
Сондай-ақ, белдіктер мен көзілдіріктерді, шағын сөмкелерді жақсы көремін:
Бетіме бояу жақпаймын, сондықтан косметика жоқ. Барым осы!:)
Ал эстафетаның таяқшасын сыйлыққа өте көп әшекей алатын, тырнағына маникюрдің небір түрін жасайтын, кейінгі кездері қолөнерге қатты қызығып жүрген, қыз-келіншектерге арнап сайт ашқан Эльвираға ұстаттым!