Сәлем достар! Қалайсыздар? Сіздермен ой бөліспегелі көп болды.Ғаламтордан алыстап қалған жайым бар. Алдымен,эстафета таяқшасын ұсынған Жанар Каримге рахмет айтамын және эстафетаны өте кеш жазығаным үшін кешірім сұраймын.
Ал, менің жаңалықтарыма кеттік.
Бірінші жаңалығым: бұл жаңалық маған ғана емес, баршамызға ортақ жаңалык-жаңа оқу жылы басталмақ. 10 сынып оқығалы жатырмын. Биыл өзге жылдардай емес, сабаққа деген ынта мен құлшыныс өте аз. Ойдағыдай аяқтасам игі. Артынан ҰБТ басталады. Айта берсем көп. Барлығыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын!
Екінші жаңалығым: Кеше ұялы телефон сатып алдым. Ақ түсті, маркасы Samsung Galax S2 . Қатты қуанып жүрмін. Жаңа оқу жылы басталар алдында мен үшін жақсы жаңалық болды.
Үшінші жаңалығым:Бүгін менің туған күнім. (Мына қыз әдейі туған күнінде жазып отыр деген ойдан аулақ болыңыздар, реті осылай боп қалды)Туған күнімді қарапайым өткіземн. Сыйлық пен тосын сый күтпеймін. Мені ұмытпай құттықтаса болғаны. Шын жүрегінен ақ тілектерін жолдаса соғанда ризамын.
ТУҒАН КҮНІММЕН ҚҰТТЫҚТАУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!
Төртінші жаңалығым: Біршама уақыт ғаломтордан қол үзбекпін. Әлеуметтік желілер мен сайттардан әзірше алыстауға тура келіп тұр. Мен керек боп жатсам е майлға жазыңыздар. Анда-санда кіріп тұрамын. Бұл тым ұзаққа созылмайды. Сағындырмай келуге тырысамын.
Ал достар сау болыңдар! Эстафета таяқшасын Есілдің еркесіне ұсынамын. Мен ораламын дегенше аман-сау болыңыздар!
Айтпақшы,достар конференцияны сағындым, қандай қызық боп жатыр. Дастарханнан ыстық бауырсақтарың үзілмесін.