Эстафета: Мен сүйіп тыңдайтын әндер!

Сәлем, сәлем! Анара бастаған эстафета таяқшасы маған да келіп қалыпты. Олай болса көп күттірмейін.

«Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй» деп Абай атамыз айтпақшы, жақсы ән тыңдағанда сол әннің әдемі әуеніне елітіп, жанымыз жадырап қалатыны жасырын емес. Тіпті, музыка тыңдау күнделікті тіршілігіміздің ажырамас бір бөлігіне айналып кеткендей. Ал көңілі қалаған ән мен әншіні таңдау әркімнің өз еркінде.

Осы эстафета басталғалы мен де қандай ән тыңдап жүргенімді саралап, ұялы телефоным мен компьютерімдегі әндер тізіміне үңілдім. Компьютерімде қазақша әндерден бастап, 80-90 жылдардың (әсіресе, Modern Talking-тің әндері) хиттері, Асылбек Еңсеповтің бір топ күйлері, корей тіліндегі әндер де бар екен. Ал ұялы телефонымдағы көп тыңдалатын әндер мыналар:

1) Сәкен Майғазиевтің орындауындағы барлық әндер.

2) «Музарт»  - «Неге сені сүйдім-ай».

3) «Жігіттер» квартеті – «Кешір жаным». (жалпы «Жігіттердің» барлық әндері ұнайды).

4) «Жебе» тобының барлық әндері бар. Соның ішінде көп тыңдайтыным – «Жалғыз жапырақ» және Шәмшінің әні «Қайықта».

5) «Меломэн» - «Арман шағала», «О махаббат», «Абайла, сұлу қыз».

6) «Каспий» тобы – «Жүрегімнен сені».

7) Нәби Аймұратов – «Маралым», «Ғашығым менің».

8) «Азия» тобы – «Жігіттің сұлтаны».

9) Диана Шарапова мен «Мұнарлан» тобы – «Айналайын».

10) Соңғы уақытта Клара Төленбаеваның орындауындағы «Жібек сезім» әнін қосып алдым.

Тыңдап жүрген жақсы әндеріңіз болса, қуана-қуана қабылдаймын. Эстафета кезегін Мөлдір көзге беремін!

 



Бөлісу: