Эстафета. Кореяға онша барғым келмейді ))))

Эстафета. Кореяға онша барғым келмейді ))))
жеке
блог

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет.

Есімім - Анар. Интернетте Ақзере, Зере.

Алматы қаласында туылғанмын. Кішкентай кезімде ата-апамның қолында Семей өңірінде, Аягөзге жақын станцияның бірінде өскенмін. Сол себепті туып-өскен жерім Алматы дей алмаймын. Бірақ мектепті Алматыда оқығанмын. Сосын колледж, сосын универ, жұмыс...

2. Хоббиің не?

Корей сериалдарын көру, аудару, қазақ эстрадасын сынап-мінеу ))))))) Жалпы бір хоббиым жоқ шын айтсам, блог жазатыным болмаса, бірақ қазір ол жұмысыма айналып кетті. Болашақта ас үй шебері болсам деген арманым бар. ))

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Мен де Сания сияқты бір жиынға қатысқым келеді. Мысалы, Super Junior немесе Girls Generation сияқты топтардың концертіне қатыссам, сүйіктіммен бірге лық толы стадионда Арсеналға жанкүйер болсақ. (Оның бақытты болған сәтін көргім келеді)

Сосын маған тупо суға бара салу деген нәрселер қызықтырмайды. Барған соң тарихи бір жерлерге барғанды ұнатамын, ГИД-пен аралап, тарихтан көп нәрсе айтса, сол маған қызық.

Мен Кореяға баруды қатты армандамаймын. Өйткені мен олардың өнеріне ғашықпын. Қаласы немесе тарихына емес. Жапонияның онсен деген моншасын көргім келеді. Жалпы дамыған елдерде болғым келеді. Бірақ Үндістан, Малайзия деген елдер мүлде қызықтырмайды.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)?

Бір орыс отбасында пушистый, тәп-тәтті ит болғым келер еді. Бәрі мені жақсы көретін, сипалап, ойнайтын. )))

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

Менің ойымша, өмірде болып жатқан оқиғалар, барлығы бекерге болмайды. Бір нәрсеге бір нәрсе себепші болады. Дәл сол уақытта қалағаның орындалмаса, кейін соның дұрыс болғанын түсінесің. Не болмаса қандайда бір қиыншылықтар адамды жетілдіреді, шыңдайды, яғни келесіде сондай жағдайға тап болғаныңда сен не істеу керектігін білетін боласың. Сондықтан болмай қалды, қолымнан келмей қалды, жіберіп алдым деп зарламау керек. Бәрінің өз уақыты, өз орындалар сәті болады. Орындалған кезде бәрі осылай болу керек болған дегенді түсінесің.

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есіңде ме?

Сүйіспегем десең ия... )))

7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Сүйіктімді жақсы көремін.

8. Сүйікті әншіңәртісің, саясаткерің (былайынша айтқанда кумир), неге ол адам?

Өз ісінің шебері, аз сөйлеп көп іс тындыратын, өнер дегенді жете түсінетін, қазаққа жаны ашитын, бірақ бос ұлтшылдықпен кеудесін ұра бермейтін, халқына пайдалы іс тындыратын, түсінігі мол, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар менің кумирлерім.

9. Сүйікті спорт түрі?

Тренажер.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

"Пролетая над гнездом кукушки"

"Пианист"

"Кинг-Конг"

"Мулен Руж"

"Сәлем, рух!"

"38-параллель"

"Нокдаун"

"Интуиция"

"Девушка с татуировкой дракона" және т.б.

Дорамалар:

"Спасибо"

"В эфире"

"Как жизнь?" (Бізде аударылып жатыр)

"Зимняя соната"

"Запах женщины" және т.б.

11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың?)

Екеуі де келісіп, түсінісіп отбасын құру керек деп ойлаймын. Бірақ еркектің әйелден ақылды, мықты болғаны дұрыс.

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Ақша ұстай алатын, ақылмен жарататын адам.

13. Егер сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Барам әрине, онсыз қалай жалғыз өмір сүремін?

14.  Санияның сұрағы: Шын махаббатқа сенесің бе, шынымен сенесің бе?

Менің ұғымымда махаббат - ол түсіністік, сыйластық, достық және де құштарлық. Екі адам бір-бірінің сөзін түсініп, қолдап, ойлары бір жерден шығып отырса, сол махаббат. Бір-бірің үшін тырысу, түсіну, қолдау. Саған осындай сезімдер сыйлайтын адам бары анық. Соған сен.

Эстафетаның жалғасын Нұржан Aқтөбе-ге беремін! Және сұрағым, неге адам есейген сайын жұп таңдау мәселесі қиындап кетеді?