Эстафета - қайда болдым?

Мен алдында айтқанмын, Америкаға үн-түнсіз барып келдім деп. Онда неше түрлі қызық болған. Асқаралы тауларымызды қуып жеткен неше мың ғимараттар, неше мың адам мінген көліктер... Негізі осылай жазып отыра берер едім, бірақ шынтуайтына келейік, ешқайда да барғам жоқ. Тіпті ауылға да...

Алматының өзінде-ақ саяхат жасадым. Патриотпын! Десең ә. Жоқ, Жуалыға барғанымды, Шерағамның тойында болғанымды айтайын енді... 

 Сонымен, суреттер...

 

Пойызда отырмын. Қасымда журналист қыз бар, Сәния. Айтпақшы, суретте сол түсірді. 

"- Сахнаны алып түсірші. Тойда екенімді көрсетіп..." (Қолда массагеттің қаламы мен дәптері)

 

Ақсақалдар мен ақ жаулықтылар бір жағында отыр...

Жарнаманы өлтіреді екем ғо е...

Сахна керемет безендіріліпті... 

Күрес басталды! ай-хай-хай-хай! қырғыздың көрдім ақынын! :)

"Келді... келді!"-деді біреу!

Папарации! Маралтай ақын баласы Жұматаймен!

Абыз ағам да келді...

Киіз үйге кірдік қой, сонымен... Қазы-қарта, жал-жая... Айтпақшы, Жамбыл облыстық Теміржолшылар бізді керемет күтті. Ал кірдік үйге...

Шыққан соң бір басым үшеу болды! Деп әзілдеп айтқан болар едім. Бұл Сәния, менің әріптесім, ортадағы інісі! 

Сәния, осы ауылдың қызы. мені осында алып келуге мұрындық болған адам. Сондықтан да, Рахмет саған Сәния!

Ал, осымен бітті. Эстафета деңгейіне жеткізе алмасам кешірім өтінемін. Келесі кезекті қазір маған ренжіңкіреп, өкпелегенсіп отырған, ең жақсы көретін бауырым, досым әрі БАСТЫҒЫМ ФАРАҒА БЕРЕМІН! :)



Бөлісу: