Массагетте эстафета жүріп жатыр ғой, оның соңын күтпей жатып, ойға келген басқа бір эстафетаны бастамақпын. Екі эстафета жарыса жүрсе, керемет емес пе?
Сонымен эстафета тілімізге өзге тілден еніп кеткен сөздерге қазақша балама табу үшін жүреді. Қазақша баламасы жоқ 5 сөзге қазақша балама ұсыну керек. Егер ұнаса, бәріміз сол сөзді жаппай қолданып, қолданысқа енгізіп жіберейік. Эстафета деген сөздің өзіне қазақша аналог табу керек. Аналогқа да аналог керек. :) Тізе берсең, көп ондай сөздер.
Ал мен бастадым.
Водолазка - Мойынша
Смайлик - Смайлше. Бұл Нұргүлдің тапқаны. Данияр "күлегеш" деген нұсқаны ұсынды. Бірақ, күлегешке қарағанда, смайлше жақсы-ау дейм)
Комментарий - Талдама. Негізі "пікір" деп жүрміз, пікір "мнение" емес пе деймін ғой баяғы. Бірақ, пікір жаппай қолданысқа еніп кеткен соң, бұл туралы ойланбауға да болады, дегенмен әлі де кеш емес сияқты )
Форум - Ойталас
Купальник - Сукиім
Қалай? Сізге ұнады ма, жоқ па? Не дейсіздер?
Эстафетаны Ботикке ұсындым.
Сурет