Эстафета. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама туралы

Эстафета. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама туралы
жеке
блог

Кітаптарды бала кезден көп оқимын. Атамның аудармашы-жазушы болғанынан болар, үйде кітап дегеннің түр-түрі болатын. Ата-анам да кітапқұмарлар, сол себеп ес білгелі қолымнан кітап түспейтін. Ганс Христиан Андерсен ертегілерінен бастап, Ян мен Калашников сынды жазушылардың тарихи туындыларына дейін оқылды. Соңғы кездері кітапқа уақыт та жоқ, бірақ анда-санда болса да, кітап оқып тұрамын.

Соңғы оқығандарымнан:

1. Харуки Мураками "Норвежский лес". Әдемі, романтикалық, соған қоса драматикалық туынды. Әңгіме жалпақ тілмен жазылған. Әрине, орысша аудармасын оқыдым, соған қарамастан жапондық бір стиль сезіледі. Бұл туындының ұнағаны, мың жерден фикшн болса да, шынайылық бар. Кітапті кішкентай балаларға (жасөспірімдерге) оқуға болмайды деп есептеймін, себебі өте әсерлі, кей жерлерінде өмірдің анайы келбетін де баяндайды.


2. Неринэ Абганян "Манюня". Өте жеңіл, өте сүйкімді шығарма. Кішкентай Манюня деген қыз туралы хикая. Оқып отырып, бірден сол атмосфераға еніп кетесің. Көз алдыңа өзіңнің де балалық шағын елестеп, бір түрлі ностальгияға батып, сағынышқа бөленесің. Кітап оқылуы өте тез, көңілді оқиғалар мен қызықты жәйттар көңіл-күйді керемет көтереді. Жақсы, жеңіл, балаларға арналған әдебиет қатарындағы шығармаларды іздеп жүргендерге таптырмас қазына)) Барлық жастағы оқырмандарған арналған. 


3. Этель Войнич "Овод". Шыны керек, он бес жасар жасөспірім кезінде алғаш рет оқыдым. Ұмытылмайтындай, естен өшірілмейтіндей әсер алғам. Одан кейін тек университетке түсер алдын, жазғы демалыста тағы оқыдым. Алғаш рет оқып отырғандай күйге ендім. Және, міне, жуырда ғана тағы да, үшінші рет, асыға күткен, көптен сағынып жүрген ғашығымдай қайта қауыштым. Осы жолы бәрі басқаша секілді болып көрінді. Мүмкін, бишара жігітке көңілім көбірек ашып, оны алдап келген пастырьге аяныш азырақ болған секілді. Оқып отырған сайын: "Егер мені осылай алдаған болса, егер мен болсам оның орнында, кешіре алар ма едім?" деген ой көп мазалады. Бұл кітапты көп адам оқыған болар, бірақ мен үшін ерекше маңызды кітап. Ол мен үшін бала кезімнің естелігі.


 

Ал бұлардан басқа Асадовты, Бальзакты, Рождественский мен Тушнованы, Остинді де көп рет қайталай оқи берем. Соңғы уақытта Эдгар Поның әңгімелерін оқып жүрмін. 

"Дәмді" кітаптар тілеймін))))