Анара маған беріпті! Эстафета таяқшасын. Жазып көрейін...
Жылдың цитатасы: «Әр сәтсіздігіңді мүмкіндік деп біл». Бұл сөз маған жыл бойы көмектесіп келді. Сәтсіздік те, мүмкіндік те көп болды дегенім...
Жылдың ең үздік танысуы:
Мен биыл көөөөөп адаммен таныстым. Оның ішінде Сәния, Ерке, Болат, Анарка... Көп қой, адамдарды алалағым келмейді, бәрімен де танысуым үздік мен үшін...
Жылдың үздік тағамы:
Bonduelle консервантты жүгерілері. Ақырзаманға дайындық емес, расында да өзіме қатты ұнады бұл тағам.
Жылдың үздік сусыны:
Cola в баночке! Құтыдағы кола ғой баяғы. Бізде жүз теңгеге сатылса да, байдың баласына ұқсап, сатып ала беріппін... Одан кейін Диззи!
Ең керемет күн:
Мақпал Жүнісова, Мақпал апаммен сырласу, ол кісіні қатты құрметтеймін...
Үздік кеш:
Үздік кешті айтуға ұялып отырғаным.... J
Осы жылда ашылған қызығушылық:
Басты қызығушылығым – MASSAGET.KZ!
Орындалған арман:
Магистратураға түсуім!
Жылдың ең үздік орны:
«Е мае!» және «Hugo» пивнушкалары. Маған ұнамай қалды бірақ...
Рухани өзіндік жаңалық:
Шын досымның аздығын осы жылы ғана жаңалық ретінде қабылдадым. Расында, өкінішке орай, шын досым жоқ.
Үздік әнші:
Мақпал Жүнісова, Готье!
Үздік ән де осы аталғандардыкі.
Үздік фильм:
«Шал», «Жаужүрек мың бала»
Үздік сериал:
Сериал көрмеймін, сорри
Үздік актер/(актриса):
Джеки Чан қайта оралды менің көз алдыма.
Үздік кітап:
Көөөп деп қоя салайын өтірік мақтанып... Расында да, мен көп оқымадым. Сорлап жүрген кез ғой бұл...
Жылдың әсері:
Сландо кз-тен сатып алған жаңа креслом уахахахаххаха
Жылдың әділетсіздігі:
«Әділетсіздік бар, бірақ ол кеш келеді...» Бауыржан Момышұлы.
Ең керемет адам:
Мені сүйген ару...
Жылдың сыйлығы:
Сыйлық? Ол не? Тіпті ұмытып кетіппіз де ғой, бұл жылы сыйлық алмаппын...
Керемет жаңалық:
Айлығымның өсуі деп гәңк еткізіп отыра берейін...
Жыл өкініші:
Каспий банк! Және Алшын Матайды ренжітіп жүргенім...
Жыл шытырманы:
Жазда тұрған үй нағыз шытырманның орны. Ойбой, масқаралар болды ғой онда...
Эстафета жалғасын Айгерімге Сматуллаеваға беремін.