Эстафета: "Жұмбақ блоггер"

Осы эстафета дегенді жақсы көрем бар ғо. Ғалия Манасқызының жұмбағын шешу құрметіме таяқша маған бұйырды. «Жұмбақ блоггер» эстафетасы қайта жалғасқанын көргелі бері маған кезек келе қалса кімді жасырар екем деген сұрағыма бірден Гүлжан Серік оралды ойыма. Бірақ оны менен бұрын жасырып қойған. Одан кейін тез-тез сөйлейді, есте сақтау қабілеті нашар, барлығына көмектесу үшін жүгіріп жүреді деп жасырайын десем, соңғысын оқыған кезде бірден тауып қояр деп ойладым. Ал одан кейбір адамдар қорқады, кейбір адамдар сондай қатты құрметтейді деп жасырайын десем де тауып қоятын болдыңыздар. Тағы бір кісіні жүрегі жұмсақ, өзі жиі блог жазбаса да, барлығына саналы да сапалы пікірін қалдырып отыруды ұмытпайды деп жасырғым келді, ол да болмайды екен. Мен жасыратын блоггер былай танылады:

-          Оның бұл өмірде жүруінің қыздарға қатысы бар.

-          Өзгелерден өзгеше блогтар жазады.

-          Оған дәлел блогтарына жазылған пікірлер арасынан теріс көзқарас, онымен келіспейтін тұстар, нашар ойлар байқалмайды.

-          Роман аттас блогы жариялағанына да көп уақыт өткен жоқ.

 

Осымен жарар, екі «дұрыс емес» жауап жазылған сайын көмек сөздер қосып отырамын.

- Жансыз бейнелерді жандандырып, сөйлетіп жазады.

- Жар таңдауда жаңылмайды, сізге де үйретеді.

- Барлығы үйреніп алуға ерініп жүргенде ол әлдеқашан техника тілін меңгеріп, жұртқа сіңіруде.



Бөлісу: