Эстафета жұмбақ блогер

Эстафета жұмбақ блогер
жеке
блог

Асығып отырмын... Жаңа эстафета басталғаны белгілі. Жанат Ахметовтан таяқшаны алдым. Рахмет, Жанат мырза! Менде сізден таяқшаны әуееендетеп алдым. «Массагеттің» тұрғындарымен тек осы сайт арқылы тілдесем, шынайы өмірде бір-бірімізді танымаймыз әрине. Содан болар біраз «кімді жасырамын?» деп, бас қатырдым. Сайтты ары ақтарып, бері ақтарып отырып таптым кімді жасыратынымды. Ал, мен жұмбақ жанды жасырайын, көп созбай... Қыз не жігіт екенін айтсам тез тауып қоясыздар ау, таппай бара жатсаңыздар жеңілдік ретінде айтармын.

Мен жасырып отырған жұмбақ жанның ерекшеліктері: 

-өзіне сенімді, тек өзіне сенеді.

-кішкентай кезінде атасы мен апасының қызы болған.

-сүйіктісінің бақытты болған сәтітін көргісі келеді.

-махаббаттың 3 жыл өмір сүретініне сенбейді.

-жүрегі төңкерісті қалайды.

-жақсы адамдарды жаны сүйеді және олардың барлығы оның кумирі.

-таң ертең Beyonce-Halo әнімен оянады.

-сыйлыққа қандай сый алсада оған бәрібір, тек шын жүректен болса және соның жанына ерекше қуаныш сыйласа болғаны.

-бір елдің өнеріне ғашық, бірақ онда барғысы келмейді.

-«Қашан Қазақстан Корея мен Жапония сияқты ел болады?»-деген, сұрақ қойған сіздерге.

- жүрегі жылы.

Ал, бұл кім айта қойыңдар қанеки?