Эстафета. Жауабы жоқ сұрақтар

Маған Назеркенің ұсынысы ұнады. Алдыңғы эстафета ұсынушының жауапсыз сұрақтарына барынша жауап беріп көреді. Сосын өзінің жауапсыз сұрақтарын қояды.

Ал енді мен Болатбектің жауапсыз сұрақтарына жауап беріп көрейін:

1. Адамдар не үшін отбасын құруы керек?

Отбасын құруға ешкім міндеттемейді. Бірақ құрғаны дұрыс дейді. Қалшылдаған қарт болғанда жаныңда медеу болар кемпірің, балаларың жүргені дұрыс қой. Туысқанның өзінің жанұясы, өз проблемалары бар дегендей...

2. Виртуалды әлемдегі семейлік Мейіржан кім?

Нақты ақпаратым бойынша Найманның ішінде Сыбан, Сыбанның ішінде Байбөбектің тумасы. Пайымдауымша, Семейде колледжде тарих пәніне сабақ береді. Агенті, қателеспесем, kazakh_m@mail.ru. Бірақ оны пайдаланбайтын сияқты.

3. Біздің асханада неге ыстық тағам сатылмайды?

Өйткені ыстық тамақ жасайтын құрылғылары жоқ.

4. Ақшасыз өмір неге жоқ?

Өйткені біз адамдармыз.

5. Садық неге жүнсақал?

Садықтың ағзасында тестостерон көп.

6. Астана неге суық?

Өйткені Антарктидаға жақын.

Ал енді өзімнің сұрақтарым.

1. Қашан қазақ тілін үйренуге біздің басқа да ұлттар құлшынып тұратын болады?

2. Қашан Қазақстан Корея, Жапония сияқты ел болады?

3. Әлем бойынша үлкен стадиондар жинайтын әнші-қазақ қашан пайда болады?

4. Өмір-бақи гармонияда өмір сүруге бола ма?

5. Адамдардың барлығы неге мейірімді емес?

6. Қолма-қол ақшаға Алматыдан пәтер алу үшін ақшаны қайдан алу керек?

7. Уақыт неге тез өтеді?

Эстафета кезегі Назеркеде!

Пы.Сы. Сұрақтарға барынша жауап беріп көрейік. Эстафета жазатын адамға жауап беруге варианттар аз қалдырып, біраз ойлансын ))



Бөлісу: