Эстафетаны алдындағы блогым үшін берді ғой Даниар ағамыз). Көп-көп рахмет!Екі күнге жеткізбей жазып тастадым))
Ал енді сұрақтарға жауап берейін
1.Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?
2012 жылға саяхаттап асыл әжемнің қасында болар едім. Әжем ауырып жатқанда, оған тағыда келемін деп сөз беріп кеткен едім, бірақ сол уәдені орындамай ана дүниеге аттанғанда бір-ақ барғаным. Әлі күнге дейін өкінем(
2.Ең жүйкеңізге тиетіні не?
Рухани тұрғыдан алып қарасам, адамдардың имансыздығы, анау уахабис, мынау салафи деп өздерінің қателесіп жүргені;
Ал физикалық жағынан қарасам, апамның ақыл айта беретіні ұнамайды, тап бір өзі керімдей)
3.Егер Хотабыч ата келіп 3 тілегіңді орындаймын десе, қандай тілек айтасың?Мен оданда Құдайдан тілейінші
1.Гайморит деген аурудан жазылып кетсем;
2.Жаман мінезімнен арылсам екен;
3.Гарвард универіне түссем
4.Егер сіз ұнатқан жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, тамақ жей аласыз ба, сол қасықпен?
Ұнатқанымның ішіндегі ұнатқаным берсе ғана жер едім, а так кез-келгенінен жей бермейсің ғой
5.Қалаған 3 елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?
1.Бразилия. Ұнайтын жұлдызымды көру үшін
2.Испания. Сүйікті командамды көрсем(сол баяғы Реал ғой))
3.Мексика
6.Ең жақсы көретін афоризміңіз?
Кемпірқосақты көргің келсе, жаңбыр мен найзағайдан қорықпа!
7.Жұлдыз жорамалға сенесіз ба?
Сенбеймін, тек салыстырамын. Ешқандайда дұрыс келгенін көрмеппін
8.Сен темекі шегіп тұрсың, артыңнан әкең келіп қалды да:
-Балам(қызым) мұның не?-деді.Не істер едің?
Мә әке сенде шегесің бе? деп ешқашан сұрамаспын.
Мен өз-өзіме ешқашан ішпеймін, темекі шекпеймін деп уәде бергенмін. Бұл қазақтың қыздарына жат нәрсе деп ақылгөйсімеяқ қояйыншы)
9.Сізге таңдау келіп қалды:Туысқандарыңыз және Махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз?
Әлі "переходной возрастта" жүргендіктен, қайсысын таңдарымды білмеймін. Келешекте жауап беріп қалармын...
10.Сіз әншісіз. Концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз. Сіздің әрекетіңіз?
Құлап түссем?))) Өлеңді тоқтата тұрып, әнді қайта басынан бастар едім
Даниар Аланның сұрағы:"Егер жағдайды өзгерте алмасаң, жағдайға бейімдел" деген ұстанымын ұстауға қалай қарайсың?
Мергендердің мінезі тәуелсіз болғандықтан, ондай ұстанымды ешқашан ұстамас едім. Мен үшін өзгермейтін нәрсе жоқ!
Сараның сұрағы: Сіз жан досым деп жүрген, бірге қайғырып, бірге күліп жүрген досыңыз, сізді басқа адамға жамандап, сыртыңыздан әңгіме айтып отырған жерде, үстінен түстіңіз. Сол кезде сіз не істер едіңіз?
PS: Сұрақтарға қызық үшін емес, серьезно жауап беруге тырыстым. Эстафета таяғы Ж.Тұрапбек пен "Айтуға оңай" бағдарламасында әлеуметтік желі туралы жауап берген Мейіргүлде))