Эстафета - демалыс, сапар

Эстафета - демалыс, сапар
жеке
блог

Мұғалім тапсырма бергенде ғана сабақ жазатын едік бұрын. Әдет боп қалған. Ғазиза эстафета ұсынбаса өздігіммен әрекет ету жоқ. 

Сіз жазды қайда, қалай өткіздіңіз?

Жақсы ғой, жақсы. Самарқан мен Бұқара әдемі қалалар дегенді жиі еститінмін. Көп естігенне бір көрген артық, достармен бір бас қосып отырғанда, «кеттік» дедік те жүріп кеттік. Шекарадан өтпей жатып ақшамызды сомға айналдырып алдық. Ақшасы – сабан. Құдай-ау, бір сөмке ақша болады. Ташкентті басып өтіп, бірден Самарханға қарай тарттық. Астанасынан үш жүз шақырымдай жол екен. Жолдары - керемет. Жолдардың ортасы бетонмен бөлінген. Мас жүргізушілер мен рөлде қалғып кеткендер қарама-қарсы жолға шығып кете алмайды. Сондықтан жол апаты аз. Өз басым, үш күн ішінде соқтығып жатқан бір мәшне көрген жоқпын.

 

df

Самарханға кіріп жайғасып алған соң, бірден Әмір Темір кесенесіне қарай беттедік. Жалпы қаланың құрылымы туристерге арналған екен. Аралайтын жер көп. Қай жерге барсаң да акалар қолын созып күтіп алады. Әмір Темір кесенесіне көп рестоврация жасалған екен. Бастапқы бейнесі қандай болғанын бір Құдай біледі. Дегенмен шығыстық бояу көзге ұрып тұр.

 

 

кеСосын кезекпе кезек Самарқанның тарихи маңызды жерлерін араладық. Мұсылман әлеміндегі ең білімді мұқаддис Әл-Бұқаридың басына бардық.Әл-Бұқари хадисті жатқа білген адам. Оған дейін де одан кейін де Бұқари секілді мыңдаған хадисті ешкім жатқа білмеген дейді кесене қызметкерлері. Ғалымның ерекше бір қасиеті кез келген көлемдегі кітапты бір оқығаннан жаттап алады екен. Тірі кітапхана болған ғой, қысқасы. Кесене таза ақ мрамордан салынған, іші Бұқар алтынымен апталған. 

кКелесі кезекте Әл Матуруди кесенесіне барып зиярат еттік. Матурудидің ислам әлемі үшін, әсіресе Орталық Азияның мұсылмандары үшін маңызы бір бөлек әңгіме. Әдетте біздің көп молдаларымыз «біз Ханафия мазхабына жатамыз» дегенді келтіреді де Матуруди туралы айтылмайды. Түркі тілдес халықтардың көпшілігінің, әсіресе өзбек пен қазақтың діни филососфиямыз Матуруди ілімнен тарайды.

 

Келесі сапар темірді қамырша илеген Дәуіт пайғамбардың үңгірі болды. Дәуіт пайғамбар жауларынан қашып келіп бір тар үңгірге тығылады. Пайғамбардың бойы үш метрден биік болған деседі. Құдайдың құдыретімен сол тар үңгірді екі қолымен екі жаққа қарай керіп, алып үңгір жасайды. Ішіндегі тастарда пайғамбардың қолдарының іздері жатыр. Адамның қолдарының іздері екені анық.

Бұл үңгір үш шақырым биіктікте жатыр екен. Әдетте өзбектер таудың басына жаяу жалпы шығып кетеді екен. Еркектерді былай қойғанда қалтылдаған кемпірлердің өзі асықпай, ептеп жүріп отырып жаяу жетіп алады екен. Біз енді оған еріндік. Сол маңдағы жартастарға шығып үйреніп қалған аттарды жалдадық та өрлеп кеттік. Атпен жартастарды жағалып шығу оңай емес екен.

ваАттың аяғы тастан тайып кеткен сайын жаның мұрныңның ұшына келеді. Өрлеген сайын төменге бір қарап қоясың да «олай-бұлай болып кетсем шәйітпін» деп өзіңді жұбатасың:))(Осы жерде күлу керек). Тауға шығып алған соң ат көрмеген қазақтай өзбектің асауын үркітіп, біраз қызықтадық.

 

 

 

 

Келесі тоқтаған жеріміз Жалаңтөс бахадүрдің жатқан жері болды. Самарқандағы қабірстандардың бірінде тоғыз құрметті адамның қабірі бар екен. Бірі Иран патшасы, қалғандары өзбек патшалары, солардың арасында жалғыз Жалаңтөс бахадүр ғана патша емес.

 ваСамарқанның дәл ортасындағы Регистонның орны бір бөлек екен. Орта ғасырларда бұл үлкен оқу орын болған, қазіргіше - университет. Онда кез келген сала оқытылған. Үлкен үш ғимараттың бірі Ұлықбек медіресесі деп аталады. Ендігі екеуін Жалаңтөс батыр салдырған.

 

 

 

 

 

Барған жерлеріміздің айтуға тұрарлық маңыздылары осылар. Жалпы, бір Самарқанның өзінде баратын жерлер аз емес екен. Екі-үш күнде тауысу мүмкін емес. Есесіне мені Ташкент таң қалдырмады. Жарты күннен астам уақыт Ташкентте болдық. Базарынан басқа қызық ештеңе байқамадым. Сол баяғы сәбетски домдар, сәбетски инфраструктура...

Барған жеріңіздің қызмет көрсетуі ұнады ма? Демалыс кезінде өзіңізге қандай қызықты жаңалықтар аштыңыз?

Өзбектер мен ойлағандай сусылдаған саудагер, пайданы ғана ойлайтын, ісі түспесе патриот бола қалатын халық емес екен. Аңқау, ақжүрек, әңгімесі жақсы өзбекті көп көрдім. Өзбектерді сорлатып отырған қазіргі биліктері болып отырғаны анық көрінді. Импортпен экспортқа шектеу қойылған. Тау тау боп үйліп жатқан қарбыздар мен картоптарын сыртқа шығара алмайды. Себебі үкімет рұқсат бермейді. Қазір жұмыс істеу үшін сыртқа шығатындарға да шектеу қойып жатқан көрінеді. Жұмыс ваще жоқ. Мемлекеттік қызметкерлердің саны ары кеткенде бір милионға жетеді екен. Отыз миллион халқы бар ел үшін бұл сұмдық төмен көрсеткіш. Жұмыс жоқ болса, сыртқа шығармаса, өнімдерін шығарт қызбаса әрине халық қиналады. Қысқасы «өл деген өкімет бар». Өзбекстан әлі коммунистік жүйедегі ел сияқты. Жеке меншікке шектеу бар. Біреу кенеттен котедж тұрғызып жатса ертесі жергілікті департаментке шақырылады, ақшаны қайдан алдың деген сұраққа дайын болуың керек дейді. Жаңаша ойлайтын бизнесмендер, ғалымдар, қайраткерлердің барлығы шетел жағалап кеткен. Таң қалғаным, халыққа танымал әншілердің де басым көпшілігін шетелге қуып жіберген. Бір тойда отырып мемлекеттік жүйеге қарсы сөз айтып қалса ертесі іс қозғалады дейді. Қысқасы, тотолитарлық құрылым әлі бар. Ферғанадан басқа өңірлерде қылмыс аз. Ферғана демекші, Ферғана өңіріне баруға өзге аудандардың өзбектерінің өздері батпайды екен. Өйткені Ферғана даласындағы халықтың бәрі радикалданып, фундаменталистік діннің шырмауына кеткен екен. Атып тастайтындармен өзін жарып жіберетіндердің отанына айналған. Өзбекстанда жол апаттары аз. Жол ережелерін бұзғандар төлейтін айыппұлдың көлемі – бешенный цифрлар. Ең төменгі айыппұл орташа жалақыға тең екен. Қазақстанда солай болса қауіпсіздік белдігін тақпағанымыз үшін елу төрт мың төлер едік (Осы жерде Астағфирулла дегенді үш қайталап, қорқу керек). Айтпақшы, Ташкенттік гаилердің алпыс, жетпіс пайызы қазақтар деп естідік(Казахи и в Африке гаишники). Ал Самарқанд тұрғындарының 80 пайызы тәжіктер екен. Жалпы, жергілікті адамдардан естуімше, Өзбекстанның билік құрылымдарында негізінен екі саяси клан бар. Бірі – таджико-персидский, екіншісі – узбеко-казахский клан екен. Кәрімов тәжік кланына жататын көрінеді. Сондықтан қазір Өзбекстанда тәжіктердің дәуірі жүріп тұр. Бірақ өзбек-қазақ кланы саны жағынан басым тұр дейді. Болашақта билік өзбек-қазақ тобының қолына өтетін болса Қазақстан мен Өзбекстанның қарым қатынасында жылулық пайда болуы мүмкін. Дегенмен Каримовты жергілікті халықтың бәрі ұнатпайды, өзбегі де, тәжігі де, қазағы да. Бізде қанша дегенмен пікір алуандығы бар ғой. Біреу президентті жақсы көреді, біреу сынайды. Ал Өзбекстанда мен сөйлескен адамдардың арасында Кәрімовты сынамаған адам болған жоқ. Иттің етінен жек көреді екен. Қой, мен тағы көрші шал құсап саясатқа кетіп қалдым ау деймін. Айта берсең көп, үш күннің өзінде көп нәрсе түйеді екенсің.

Айтпақшы, «сами важни» мәселе. Өзбекстанға кіргеннен бастап үш күн қыдырғанымыз, ішкен-жеген, тышқан, қонақ үй, чайханалар, такси, гид жалдағанымыз, атқа мініп сайран салғанымыз, аквапарк, анау-мынау, бәрін бәрін бәрін қосқандағы шығынымыз адам басына жиырма мың теңгеден келіпті. Вооот. Так что ойланыңдар. Сәті түссе, советую.  Зато керемет демаласың.

Эстафета кезегін Қазақстанның барлық үңгірлерін аралап шыққан Болатбекке беремін.