Эстафета: Бір күн, бір өтірік!

Эстафета: Бір күн, бір өтірік!
жеке
блог

            Сәлем Массагеттік достар! Маған кезексөзді ұсынғандарыңызға шексіз қуаныштымын! Рахмет сіздерге! Кезексөздің маған ұсынылғанын енді көріп отырмын, кешіктіріп қойсам кешіріңіздер. Олай болса, әңгімені созбай жазбамды бастадым )).

           

            Түнде ұйқыға кеш жатсам да, сәресіге таңғы сағат 3-те телефонға қойған оятқышымнан бұрын тұрдым. Бір жағынан өзім таңмын. Сәресімді ішіп болған соң қайтадан ұйықтауға тырысқаныммен, әр ойдың жетегінде жатып біразға дейін ұйықтай алмадым.

            Сағат 8 – дер шамасы болуы керек терезе жақтан естілген қатты дыбыстан шошып ояндым. Ұйқым әлі ашылмаған қалыппен терезеден қарасам ауланың сыртында көптен бері көрмеген сыныптас құрбым күлімсіреп тұр. Терезеге доп лақтырған екен. Дереу сыртқа шықтым. Алматыдан келген беті үйіне бара жатып маған соғып кетпекші болған екен. Алғашында терезені шатастырып алдым ба деп алаңдағанын айтып, соңғы жаңалықтарымен бөлісіп (мені тәтті ұйқымнан айырып) үйіне қайтты.

            Оның мені олай оятқан себебі, мен де осыдан 3 жыл бұрын мектепте оқып жүргенімізде сабаққа ұйықтап қалған құрбымды ұйқысынан оятпақ болып терезесіне тас лақтырғанмын. Бірақ абайсызда терезесін сындырып алып, құрбымды қатты шошытып алған болатынмын. Соны маған қайтарғаны болса керек.

            Үйге кірсем ата – анам таңғы ас ішіп отыр екен. Мен ұйқысырап сыртқа шыққанда олардың ас үйде отырғанын байқамаппын ). Бөлмеме кірдім де күндегідей  ғаламторға қосылып ең алдымен Массагеттің жаңалықтарымен таныстым. Осылай түске дейін компьютердің алдында отырдым.

            Үйдегі күнделікті қызметім ас үйді тазалау болатын. Бірақ кеше кешкісін пысықтығым ұстап, анамның қарсылығына қарамай үйді тазалап қойғам (бір жағынан уақыт өткізу үшін). Үйде ата – анам үшеуміз ғана болғандықтан үй шашылмайды да. Сондықтан түске дейін бөлмемнен шықпадым. Ораза ұстағалы анам үйде ас дайындауыма тыйым салған.

            Ғабит Мүсіреповтың әңгімелер жинағын оқып жүрген едім, түстен кейін соны аяқтадым. Сағат 6-дан аса құрбым үйге қайта келді. Бұрындары үйдің жанында орналасқан мектеп ауласына барып жүгіріп қайтатынымыз бар еді(өзімізше спорт қуалап). Сол күндерді еске алып ауланы бірнеше айналып қайттық. Сосын үйге тарастық. Енді қайтадан компьютердің алдында отырмын. Соңғы рет кезексөздің маған берілгенін көрдім. Осылай кезексөзімді жаздым.

 

            Мен де 2 өтірік жасырдым ). Пост қызықты болмаса алдын ала кешірім сұраймын. Алғаш рет жазып тұрмын ).