Эстафета

Эстафета
жеке
блог

23.08.12

Университетке бардым. Жатақхана беруі үшін өтінш жаздым. Оған да көп анықтамалар (Көп балалы отбасы,т.с.с.) қажет екен. Осы құжат жинақтау ісі барша адамның жүйкесін жұқартса да, өршіп тұр. Онсыз ешнәрсе шешілмейді...

 

27.08.12

Сағат тоғызда жатақхана беріледі дегенді естіп, ала таңмен алтыда тұрып, сағат сегізде университет қабырғасында көгергенімізбен бүгін беретін түрі көрінбейді. Ауылдан қажетті құжаттарды факспен алдырып, тапсырамын деп жүргенде түс болды. Сағат онда болады деген жиналыс түскі екіге қалдырылды. Пәтерге барып түскі ас  ішіп, қайта оралғанша жиналысқа кешігіп қалатын сыңайым бар. Бар уақытымды күтуге жұмсағанша бір шаруамды бітіре берейін деп, банкке барып, жатақхана үшін бір жылға 2350 теңге төлеп, түбіртек (квитанция) алдым. Банкте екі сағат кезекте тұрып, әрең шықтым. Кезек деген де қызыл төбелес болмағанымен, үлкен дау ғой. Бір-бірінің беттерін тілгілердей болып керіскен қызыл кеңірдек әйелдерді (қыздар да бар) көргенде, тек күлгің келеді.  Осындай әлекпен жүргенде түскі ас ішуге де уақыт болмады. Бір жағынан «шама келсе көше тамағын жеме» деген анамның ескертуі бар. Сағат екі болып, жиналысқа кірдім. Бірнеше таныстарымды, жаңа курстастарымды кезіктірдім. Бір қызығы, әдетте, жаңа ортаға барғанда міндетті түрде бір жігітті ұнатып (кейін оңай ұмытып) келетін Әсел бұл жолы

 

28.08.12

18:43

Жаңа тұрақ... Жаңа мекен... Жатақханадан орын алдым. 5-жатақхана, 5-қабат, 511-а бөлмесі. Іші жақсы, тек лас екен. Адам тұрмаған соң (үш ай) шаң басып қалыпты. Жақсылап тазалап, аластап алу керек. Ертең қасыма Айгүл келеді бұйырса. Ол да Маңғыстаудан.

 

23:36

Енді-енді өзімді нағыз студент сезіне бастадым. Ыстық тамақ жемегелі, тіптен адам сияқты тамақтанбағалы үш күн болды. Көшенің тамақтарын алғым келмейді. Жатақханаға барлық адам орналасып болмайынша асхана кілтін бермейді екен. Әрі тамақ пісіретін ыдыстарымыз әлі ауылдан жете алмай жүр... Аштыққа шыдап үйренгенбіз ғо, асқазаным «әлі ораза ұстап жүр» деп ойлар. Бірақ бірнеше күн бойы ыстық тамақ көрмеген асқазаным ауырып қалады ма деп мамам уайымдап жатыр...

 

Көрші бөлмеге он бес шақты студент жиналдық. Әдебиет сүйер қауым жиналған жерде не болушы еді? Әлбетте, өлең оқылды, ән шырқалды. Енді ғана жатақхана студенттеріне ұқсадық.

Эстафета таяқшасын Әбіл Жұлдызға жіберейін.