2011 жыл санаулы күндерден кейін өз мәресіне жетеді. Жаңа жыл (ар жағында туған күнім) мен үшін өткен күндерге шолу жасап, есеп беру күні. Эстафета кезегі маған жетіпті, мен ең, ең, ең дегендерді айтып көрейін.
Жылдың оймақтай ойы: «Қазаны бөлектің қайғысы бөлек»
Жылдың үздік сайты: on.kz (massaget.kz)
Жыл танысулары: өте көп
Жыл кездесулері: өте көп
Жылдың үздік тағамы: үйрек етінен пісірілген кәуәп
Жылдың үздік сусыны: қаражидек шәйі
Жылдың ең үздік жазушысы: О. Генри, В. Токарева
Жылдың ең үздік кеші: өте көп (ерекше есте қалғаны 28 сәуір)
Жылдың ең үздік әндері: Қорлан Картенбаева «Көңіл сыры», Марина Девятова «Не думала, не гадала», Злата Огневич «Кукушка»
Жылдың ең үздік музыкасы: «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы саз саңлағы Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі
Жылдың ең үздік қаласы: Ару Алматым
Жылдың ең үздік көшесі: Абай даңғылы
Жылдың ең үздік фильмдері: «Один день», «Любовь любит случайности», «Главное, не бояться», «Тариф на лунный свет»
Жылдың ең үздік телефоны: Nokia, Nokia және тағы бір Nokia
Жылдың ең үздік гүлдері: қызғалдақ пен раушан гүлдері
Жылдың ең үздік мезгілі: жылдың төрт мезгілі ))
Жылдың ең үздік түсі: қызғылттан басқа барлық ашық түстер)
Жылдың ең керемет жандары: ата-анам, бауырларым, достарым және де жаныма жақын жандар
Жыл ашылуы: 23 жыл күткен метро
Жыл күйініші: нағашы апамның 93 жасқа қараған шағында арамыздан кетуі
Жыл уайымы: көктемде табан асты мамамның ауруханаға түсуі, күзде әкемнің денсаулығының сыр беруі (қос қанатыңның мұндай жағдайын көргенде, жеке басқа қатысты барлық келеңсіз әрі жағымсыз жәйттарға мән бермейді екенсің)
Жыл қуанышы: екі мәрте тәте, бір мәрте қайынбике, тағы бір мәрте қайынсіңлі аттандым, оқуға түстім, жұмысымды ауыстырдым
Жыл қорқынышы: аяғымды кесіп жатқанда, «енді ар жағы не болар екен?!» деп қорықтым
Жыл сапары: үй мен жұмыстың арасы
Жылдың жауы: агент
Жылдың ең үздік марапаты: «Ең үздік дауыс иесі» номинациясы бойынша топ жарғаным
Жылдың ең үздік атауы: Жеңімпаз аттанғаным
Жылдың ең үздік биі: латын билері
Жыл шақыруы: тойыма шақыруым
Жыл эфирі: «Көршілер» бағдарламасына қатысуым
Жылдың қызықты оқиғасы: өте көп, ерекше есте қалғаны балмұздақ болғаным
Жылдың жүйкені жұқартқан жағдайы: әдептіліктен бейхабарлық
Жылдың лақап аты: «заңсыз пиар-менеджер», «кіндігі театрға қарай лақтырылған қыз», «ведьма»
Шыны керек, 2011 жыл мен үшін ауыр жыл болды. Әрине, қуанышты сәттер көп болды, бірақ келеңсіз жәйттар мен отбасылық жағдайлар мені бұл қуаныштардан алыстатты. Ақ Азиада күндерінен бастау алған бұл жыл ерекше болды. Ел мерейін асқақтатқан қысқы ойындардың куәсі болдым. Латын билерін жалғастыру мақсатында би сабақтарын жалғастырған болатынмын. Өкінішке орай, аққа орап, апамыздың сүйегін шығардық. Бір аптадан аяулы жаным мамама операция жасалды. Кейін әкемнің де денсаулығы сыр берді. Қоян жылы менің жылым (біздің жұлдызнама бойынша), сондықтан болар, біраз қиындықтар бастан өтті.
Жақсылықты да айту керек. Ерназар мен Айша есімді кішкентай жиендерім дүниеге келді. Оқуға түстім, жұмысымды ауыстырдым. Достарымның саны артты. Жаңа таныстар пайда болды. Басты жауым агент бағдарламасына деген тәуелділігім өшті.
Барлық жамандық пен мұң-қайғы осы жылмен кетсін! Жаңа 2012 жыл тек жақсылықтарға толы болсын! Әр шаңырақта шаттықтың шашуы шашылсын! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болғай!
Эстафета таяқшасын Айнараға тапсырамын