Уақытша шығар деп үміттенем, қазір сүйікті ісім де, сүйікті түсім де, қимайтыным, жинайтыным да жоқ. Қызықпаймын...
Тоқығам, тіккем, жазғам, жинағам - қалды ғой )))
Ұзақ ізденіп, өзімше зерттеп қатты қызыққаным - дін. "Бүйтуге болмайды, сөйтуге болады" деген "соқыр" сеніммен жүргім келмейді. Фактілер керек болды. Өзімнің дінге деген көзқарасымды білем деп жүріп, діннің маған деген көзқарасын білдім (с) ). Газет-журналдардан қиып алып, кітаптардан көшірмесін жасап, кәдімгідей болғам ).
Жұлдыздардың өмірі қызықтырады: шығармашылығы, жеке өмірі, бәрі. Осы жерде айта кететін екінші қызығушылығым: "Жұлдыздар отбасын" жинау.
Бұрындары газеттерден қиып алған суреттерді скочтап сақтайтыным бар еді, мейлі адам суреті, қала, жануар суреті, мақала, сұхбат... Қойып кетіппін, уақыт та жоқ оған. Мынау сақталғандары:
"миллион жыл" бұрынғы суреттер болса да әлі жап-жаңа күйінде екен. "Ламинация" деймін ғой өзімше )
Әндер аударам, орыс, ағылшын тілдерінен. Аудармашылардан алған, өзім түсінбейтін тілдерден де аударып алам. Қазіргі кезде Николай Носковтың "Здорово" әнін аударып жүрмін:
https://massaget.kz/blogs/12954
Осыған дейін айтқанымдай, адамдардың бала кезі қызықтырады. Өзгерді ме, қалай өзгерді салыстырғым келеді де тұрады. Туыс, таныстарымның "Бала кезімнен жалғыз-ақ сурет еді" дегеніне қарамай тартып алам, танымал адамдардың да суреттері жүзден асып қалған екен.
Дженнифер Лав Хьюит
Солай-солай...
Эстафетаны мына суреттегі әлемге танымал менің сүйікті әншімді тапқан адам жалғастырсын онда: