Ессіз ғашықтық

 

Махаббат деген - ұлы сезім ғой. Оның ұлығы сонда адамның жүрегі санасына, бағынбай кетеді екен-ау. Сүйсең болды бәрі тамаша, сұлу, керемет, ертегідей көрінеді. «Махабббатың алғашқы демі, ақылдың соңғысы»деген рас екен. Бұл сезімді Камшат басынан өткеруде...

Бұл ауданға көшіп келіп, осы шағынмаркетке алғаш кіргенінде, осы жерде жүрегінің жартысын кездестіремін деп ойлап па еді? Бірақ, солай болды. Ол оны көрді... Алғашында мән бермегенде еді, бұл жай ғана қызығушылық деп ойлады, сезімге ұласар деп ойламады... Келесі күні тағы барды, әрине, оны көру үшін емес, шаруаларымен азық-түлік алу үшін. Ал одан кейінгілері ше?

Кейінгілерінің себебі, тек азық-түлік алу емес еді. Ол жүрегінің түбінде оянған сезімнің шоқтарын байқады. Оны көргісі келді, барды, көрді. Бірақ, қыздық ерке мінезі мен такаппарлығына салып, оған ештеңе білдірмеді. Бірақ оның да өзіне сезімі бар сияқты. Себебі, ол кіргенде жолына тұрып, байқаусызда тиіп кеткендей болып, тиісіп өтеді. Осыған дейін мұндайды бастан өткізбеген қызға бозбаланың бұл қылықтары жанына жағып барады, яғни оның өзіне деген назары, кеудесін жылытып, оған деген сезім шоғын тұтандыруда. Енді бұл маркет өзіне еріксіз тартуда. Өзін азық алуға барамын деп алдаңқыратып, оны көруге барады.

Әдеттегі күндердің бірінде тағы да осы маркетке келді. Барлығы сол баяғыша. Өз жұмыстарымен келгендей, кірді де, тамақтарын алып жүріп, бір көзімен, жүрегімен оны іздейдейді. Көрді, ол да қызды көріп амандасып, тиісіп әдетіне басты. Шығып бара жатыр еді, ойнағансып  жолын бөгеді. Сол күні ол қызға өзі айналысатын телефон абонентінің нөмерін беріп, сатып алуын өтінді. Камшат келісті. Онымен сөйлесуге себеп табылғанына қуанды. Сөйтіп, сатып алды. Кешкісін үйге келгенде жаңа телефон нөміріне қоңырау шалынды, алып ұшып барса, тұтқаның ар жағындағы сол бозбала екен, Аян!

Міне осылай басталған махаббат хикаясы жалғасын тапты... Кездесу, сөйлесу, құшақтардың айқасуы, жылы лебіз... Барлығы қыз бен жігіттің оқиғасы. Күндерді күндер алмастырып, уақыт шіркін де өтіп жатыр. Ал қыздың жүрегінде тұтанған ол сезім оты лаулап жана түсуде және оның еш сөнгісі келмейтін сияқты..

Бір сәтте армандары мен сезіміне су себілгендей болды.Камшат оның отбасының бар екенін білді. Неге? Неге, олай болды? Неге мен сүйген жан мені алдағаны ма? Жоқ, ол алдамады ғой, мен ғой өзімді өзім алдаған. Есіне түсті ол оған айтқан болатын. Бірақ, сезімінің құштарлығында оның сөздеріне мән бермеген гой... Енді не болмақ? Қалай болмақ? Мен онымен бірге бола аламын ба?  Бұл әрекеттерім дұрыс па? Ол: «Әйелімді сүймеймін, барлығы тек балам үшін», деп сендіреді. Мен соған сенемін. «Әйткенменде, алайда», деген ойлар санамды өртеуде. Қалай болмақ! Алланың алдында күнәхармын. «Оның әйелі бар Камшат қой, оны таста», дейді өзіне, бірақ сезімі ерік берер емес, жүрегі оны қалайды, көздерінің оны көргісі келеді, құшағы оны сағынады, еріндерінің сүйгісі келеді. Ол  не істей алады?.. Не істейді?

 

Р.S. Бұл оқиға осыдан 1,5 жыл болған. Жігіттің менің әйелім бар дегендері өтірік болып шықты. Әзілқой жігіт қыздың сезімінің шынайылығын осылай тексермек болған екен)))). Өзін осылай алдағанына қарамастан Камшат оны кешірді. Қазір екеуі тату-тәтті қыз бен жігіт ретінде жүріп жүр. Құдай бұйыртса, алдағы уақытта шаңырақ көтермекші.

 



Бөлісу: