«Эссені қалай жазу керек?» атты мақалалар сериясының бірінші шығарылымында эссе жазудың жалпы концептісі қарастырылды. Ендігі кезек негізгі бөлімде тезисті жазудағы кеңестерде.
Әуелі, КАЗГЮУ Университетінің «Академиялық жазылым және оқылым» курсының оқытушысы, Қарлығаш Советханқызының, ұсынған ТАФТТ моделімен танысуларыңызды сұраймын.
Жалпы өзім, Ричард Пол мен Линда Елдердің SEE моделін қолданып келемін. Мұнда:
S(statement)-тезис/тұжырым;
E(explanation)-тезистің/тұжырымның түсіндірмесі;
E(example)-тезистің/тұжырымның қолданылуын/бар болуын дәлелдейтін шынайы, салмақты мысал. Сонымен қатар, ағылшын тілінің «see» сөзі «көремін» деп аударылады. Яғни сіздің тұжырымыңыздың аржақ-бержағын оқырман «көруі» керек.
Мысалы,
S(тұжырым): Қазақ тілі – түрік тілдері ішіндегі сөздік қоры ең үлкен тіл.
«Неге қазақ тілі түрік тілдерінің ішіндегі сөздік қоры ең үлкен тіл?» деген сұрақты қоя отыра, тезисті түсіндіресіз.
E(түсіндірме): Мемлекеттік тілді дамыту институтының хабарлауы бойынша қазақ тілінің сөздік қорының 60 пайызын түркілік түбірлі сөздер құрайды.
«Қазақ тілінің түрік тілдерінің ішіндегі сөздік қоры ең үлкен тіл екенін қандай мысал дәлелдей алады?» деген сұраққа жауап бере отыра, салмақты және тұстас мысал бересіз.
E(мысал): Тіліміздің бай екеніне 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» мысал бола алады.
Назар аударыңыз, «Эссені қалай жазу керек?» атты мақалалар сериясының бірінші шығарылымында плагиат жайлы айтылған ескертулерді ұмытпаңыздар.
Құрметті оқырмандар, тезис жазудың ТАФТТ немесе SEE моделінің эссе жазуда сіздерге көмегі тиеді деген үміттемін.