Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

«Есірткі» қоғамда таныс сөз. Жалпы есірткі сөзі қандай  мағына береді? Есірткі сөзі естен  айырылу деген мағынаны білдіреді. "Наркотик" деп те айтылады.

Қоғамда есірткі жаман жағынан танымал.  Адамдар үшін өте қауіпті  бір қолданғаннан естен айырып, ауру қылады, қайта қолданғың келіп, өзіне тәуелді етеді. Есірткіні дайындайтын арнайы орындар бар, бірақ жасырын түрде. Шөп секілді өсіп, дәрі дайындайды.

Есірткі жайында Қазақстан Республикасының заңында айтылған. Мемлекет тарапынан есірткіге қарсы  көптеген жұмыстар, акциялар  жүргізіліп келеді. Соған қарамастан нашақорлық қоғамда өршіп тұр.

Есірткі жазылмайтын дерт. Жастар арасында да, мектеп оқушылары арасында да қолданатын адамдар бар. Бұл жағдайда қатаң шара қолдану қажет деп ойлаймын. Егер бұл жағдай тоқтатылмаса жастар үшін өте қиын болмақ. Адамның ойлау қабілеті нашарлап,  ашуланшақ және агресивті болады, қорқу сезімі пайда болады. Нашақорлық ми  ісігіне алып келеді. Қоғамда есірткіні қолданған адамды қылмыскер емес, сырқат адам ретінде емдеу шаралары қолданылады.

Есірткі қолданатын адамды қалай емдеуге болады? Егер адам есірткіге тәуелді болып қолса, онда ең алдымен психолог маманға қаралады.  Психолог кеңесін толық алған соң ғана емдеу шараларына кезек келеді. Емдеу 2 жылдай уақытты алады. Емдеу шараларын нарколог жүргізеді. Дегенімен «аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол  ізде» дегендей есірткіден аулақ болғанымыз абзал.

Жалпы мен «есірткісіз өмір ғажайып» деген сөзбен толықтай келісемін. Егер қоғамда есірткі атымен жойылса, қоғам үшін, адамдар үшін жаңа өмір басталар еді.  Жарқын болашағымызды қараңғыламай, өз өмірімізге балта шаппай есірткісіз ғажайып өмір сүрейік!

Нұрмахан Ботагөз

Қызылорда қаласы

№264 мектеп лицей оқушысы

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына 



Бөлісу: