"Есірткісіз өмір ғажайып"
блог
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз өмір ғажайып" Есірткі-естен айырылу.Міне өзі аты айтып тұрғандай,ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі.Былай қарап отырсақ,есірткі қазіргі қоғамдағы өзекті де,талқыға салынатын проблемалық мәселелерінің бірі болы табылады. Есірткіге салынған адам көпке бармайды."Адам азса-заман тозады,"-оны жаңғыртуда,құрдымға құлдыратуда,өзімізге байланысты.Есірткі ол-дерт.Есіркіге құмарлық ол бүкіл өмір бойына сақталып қалуы мүмкін.Есіркіні бастап қолданғаннан кейін,одан қайта шығу өте қиынға соғады.Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан немесе қиын кезеңдерде басталады. Өзіңіз елестетіп көріңізші....Есірткімен өміріңіз қалай блатынын?Өте нашар.Өзге жұрт көзіне жиіркенішті болып көрінесіз,кішкентай балаларға қорқыныш сезімін ұялатасыз.Сізбен ешкім араласпақ түгілі,сөйлескісіде келмейді.Өміріңіз жаман жаққа күрт өзгереді. Ал енді есірткісіз өмір қалай болар еді?Әрине тамаша!Есіркіге тәуелділікпен,есіркісіз өмірдің арасы жер мен көктей! Күнде азанымен ерте тұрып,жаттығумен шұғылданып,жан-жағына көмек беріп,салаутты өмір слтын ұстансаң,есіркіге жоламасаң,сенде барлығы "КЕРЕМЕТ"болады.Ең үлкен байлық осы-Денсаулық!Дені сау болып,ауру сырқауға душар болмағанға не жетсін. Есіркіні қолданып жүрген адамдар неге өз денсаулығының қадірін білмейді екен!?Солай дені сау болуға ұмтұлып жүрген адам қаншама. Адамдарды нашақорлыққа баулу-қылмыстың ең зоры!Қазіргі кезде жасөспірімдер де есіркіге салынған.Бұлай болдырмау үшін ата-ана ең алдымен өз баласының қандай ортамен араласатынын,достарын танып білуі қажет. "Есіркісіз өмір ҒАЖАЙЫП"Шыныда ғажап.Өмірге деген көзқарасың мүлдем басқаша.Сен бақытты адамсың,себебі сен есіркіге тәуелді емессің!Өмірің тамаша.Денің сау.Есіркімен күресіп,өмірімізді ғажайыпқа толтырайық!!!
Сейілханқызы Ақсамал
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Жосалы кенті.
№105 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
#upndpkzo