"Есірткісіз өмір ғажайып"

"Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ  тарапынан жарияланған байқауға"
Өмір-адам баласына бір-ақ рет берілетін қымбат сый.Өмір төрт-ақ əріптен тұратыны қасиетті сөз.Алайды осы сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші?!Өмір-теңіз,тағдыр-кеме іспетті,кеме суға батпауы үшін өзің капитан болуың керек.
Өмір-даңғыл емес.Оның əр  мезеті сынақтардан тұрады.Өмір күресу болғандықтан оңайлықпен ешнəрсе болмас,дегенмен сол қиыншылықтарға мойымай,алға қарай ұмтылуымыз қажет.Өмір сынынан сүрінбей өту-əр адамзаттың парызы. Адам өмірі дөңгелекті арба секілді,қатты жүріп бара жатқан арбаның сені қай бұрылыстан түсіріп кетері белгісіз.
"Өмір"шынымен де ғажайып əлем!
Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқасынан жоғары қойуынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін ұғынуға болады.Осындай баға жетпес байлықтың қадірін  түсінбей,өз өміріне    өз қолдарымен балта шауып жүргенде жандар қаншама...
Қазіргі таңда əрбір отбасының есігіне үңіліп,торуылдап ғасыр індеті жүр.Бұл індеттің аты-нашақорлық. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған,сəтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады.Баға жетпес өмірін бір сәттік рахат үшін,адамгершілік,ар-ұятын бойындағы асыл қасиеттерін ысырып қойып айырбастап кететіні өкінішті.Нашақорлық-заманымыздың дауасыз дерті.Бір шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң.Бір рет көрудің өзі өміріңнің ажалға əкелуіне үлкен септігін тигізері анық. 
Есірткі-адамға кері əсерін тигізіп,адамның бойын ластайтын улы тамшы.Нашақорлық-құмарлық,тəуелділік сөзінің бейнесі секілді.Есірткі-өлімге апарар жол.
Қоғамдағы өзекті мəселелердің бірі-жастар арасындағы нашақорлықтың белең алуы.Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады.Есірткіні ермек үшін пайдаланып көргісі келгендер азап торына қалай түсіп қалғанын өздері де білмей қалады.Оған көптеген жағдайлар себепші болады:
Жастар өздеріне не керек екенін білмей,еліктеп,жолынан адасып,бір сәттік ләззат үшін шоқ басқаның білмей жолынан адасады.Нашақорлар есірткіге қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық əрекеттерге баруға мәжбүр болады. 
Бүгінде бұл індет бір адамның басында ғана емес,бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр.
 Адам денсаулығы-қоғам байлығы. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған есірткінің келтірер зияны ұшаң-теңіз.
Біз өз өміріміздің суретшісіміз!"Өмір"атты кемеде қатарыңнан қалмай жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білу керек.Өмірімізді ұзарту да,қысқарту да өз қолымызда!Мақаламды "Өмірдің жарқын болашағың,зор болсын десең,еліңнің жарқын жұлдызы болам десең денсаулығыңды күт"деген жолдармен аяқтаймын.
Өмірбек Ділназ Даниярбекқызы
Қызылорда қаласы 
Қ.Мұхамеджанов атындағы 1 мектеп гимназиясы


Бөлісу: