Есірткісіз өмір ғажайып!

Есірткісіз өмір ғажайып!
жеке
блог

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ 

тарапынан жарияланған сайысқа

«Есірткісіз өмір ғажайып!»

Мен – біздің байтақ еліміздің жеткіншік болашағымын! Менің арманым көп! Мен аңсаған армандарыма қол жеткіземін. Мен өмірді қалаймын!

Дегенмен, әркімнің арманы – әртүрлі екенін түсіндім. Көптеген басылымдарда, ғаламторда, теледидарда - "есірткі" мәселесі жайлы ақпараттармен танысып, оның қаншалықты ауыр екендігін білдім. Бұл тақырыптағы бейнероликтерде: қорқынышты ауруға душар болғандардың, жан түршігерлік көріністері және ондай жағдайға есірткінің кесірінен өзін өзі жеткізгендігіне куә болдым. Нашақорларға – анасы да, достары да, оқуы да қажет емес екен. Олардың бүкіл әлемі - есірткі.

Біздің адамзат жер бетінде "нашақорлық" деп аталатын зұлымдық болған уақытта өмір сұруде. Бұл адам ағзасының ауыр психикалық және физикалық бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі қолдануға құмарлық. Алайда көпшілікті "қорқыныш" сезіміне баулитын заттар, жас балаларды қызықтырып, көбісінің өміріне «балта шабады».

Жүз жылға жуық уақыт бойы есірткі деп аталатын нәрсе жаһандық құқықтық мәселеге айналды. Неліктен адамдар нашақорға айналады? Оларды нашақорлыққа мәжбүрлейді! Мұнда қорқынышты алдау жатыр. Есірткі бағасы өте қымбат. Есірткі сатушылар үлкен пайда табады, оларға сатып алушылар қажет, ал нашақорлар есірткі үшін кез-келген ақшаны беруге дайын. Сондықтан, жаңадан бастаушыларға бұл улану тегін ұсынылады, «көрсей, бұл жақсы», немесе «есірткі-батыл адамдар үшін», «сен қорқақсын ба? Онда дәмін татып көр!». Бірақ мұнда батылдық жоқ. Керісінше, уланудан бас тартқан адам ғана өзін батыл деп санай алады.

Қираған армандар мен мақсаттар, шынайы достықты білмеу - бұл есірткі қолданатын адамның ащы өмірі. Бұл әдетке айналады. Зиянды тәуелділік адамды басқарып, есірткіні тағыда, тағыда талап ете береді. Есірткіні қолданатын адам өзіне өзі көмектескісі келмесе, оның өмірі құрдымға кетеді. 

Өмірде көптеген құндылықтар бар - отбасы, достар, денсаулық, оқу және өмір мен табиғаттың барлық сұлулығының ашылуы. Қаншама адам, уақыт пен күш аямай, зұлымдықпен күресіп, аталмыш құндылықтарға қол созады.

Өзімізді жетілдіріп, білім алып, жаңа және белсенді өмір позициясын игере отырып, біз нағыз адам боламыз. Нәтижесінде біздің өміріміз қызықты және бай бола түседі. Біздің ата — анамыз өз балаларына күш - қуатын сыйлап, тәрбиелеп, білім беруге ұмтылады - нәтижесінде біз, балалар, лайықты азамат болып шығамыз.

Өмірдің - өз мақсаты бар. Бақыт немесе бақытсыздық құпиясы - әркімнің өмірінің осы мақсатқа сәйкес келетінімен тікелей байланысты.

Мен әлі 16 жастамын және өмір сүргім, оқығым, армандағым, жетістікке жеткім келеді, сондықтан мен салауатты өмір салтын таңдаймын. Біздің қоғам шұғыл әрекет етуі керек! Азғындық пен немқұрайлылықпен күресіп, мейірімділік, махаббат, сенім деген мәңгілік құндылықтарды бекіту қажет. Біз бәріміз есірткінің адам өміріне қаншалықты зиянды екенін түсінуіміз керек. Мен болашаққа қорқынышсыз қарап, көшеде қорқынышсыз жүріп, жарқын әлемде өмір сүргім келеді. 

Есірткі - зұлым! Әрбір саналы адам мұны түсінеді. Ең бастысы - дер кезінде «жоқ» деп айту. Адамның мықты ішкі өзегі болу керек! Күшті рух болу қажет! Адам - жеке тұлға, ал жеке тұлға – өзінің даралығын көрсете білу керек! Есірткіге жол жоқ! Дана бол! Өмір керемет! Мен өмірді қалаймын! «Есірткісіз өмір ғажайып!».

Серікбай Қарашаш

Қызылорда қаласы 

№3 мектеп – лицей

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына  

@upndpkzo