Есірткісіз өмір ғажап!

Есірткісіз өмір ғажап!
жеке
блог

#есірткігеқарсыбайқауы #антинаркотическийконкурс
@upndpkzo

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Арал ауданы. №260 мектеп.
8«А» сынып оқушысы Қартабаев Расул.

                                                       Есірткісіз өмір ғажап.

Ғажап сәттер тағдырымның сыйы. Өмірімнің әр сәтін ғажап құбылысқа теңеймін. Масаң күйде жүру – адасудың басы. Таңғажайып өмір сәттерін елеске айналдыру, өкінішке орай, уақыттың еншісіне тиіп тұр. Бүгінгі таңның  ең өзекті мәселелелерінің  бірі - адамдардың ,соның ішінде жастардың есірткіге тәуелділігі.Тәтті сәттеріңді еске алып, ғибартты өмір сүргенге не жетсін?!Демек, ел болып, бұл дертке қарсы тұру міндетімізге жатады.

Біріншіден, бір қарағанда жай шөп секілді ал оның әсерінің мықтылығы соншалық,адамды өзіне тәуелді етуге қауқарлы. Менің ойымша, адам қаншалықты есірткіні көп тұтынса, соншалықты иіс сезу қасиетінен айырылады.  Есірткінің алып келер жалғыз қауіпі тек  бұл ғана емес. Сонымен қатар есірткі адам миының жұмыс жасауына  зардабын  тигізеді. Дәлірек айтсақ,есте сақтау қабілетінен айырады. Неге десеңіз, тұтынған заттың күші өті мықты. Өйткені, адам ағзасына түскен улы зат, өз қызметін жайлап атқара бастайды. Әйтсе де адам оған тәуелді болып, «мәңгүрттік» күйге түседі. Адамның  құрдымға кетуі осыдан басталады.

Екіншіден,  есірткі адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Нәтижесінде адам агрессивті мінез көрсетеді.Немесе адам ессіз адам секілді іс-әрекеттер жасайды. Адам қолданатын ең көп таралған есірткінің түрлеріне  – ішімдік пен шылымды да жатқызамын.Жоғарыда айтылған зардаптар осы ішімдіктің де кесірінен болады. Шылым да өте зиянды.Жалпы, тәуелді болу, бір нәрсеге нәпсіңнің оянуы, осындай зиянды заттарды қолдануға апарады. Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек,  есірткі адамға ләззат бере алады екен. Өзін жоғалтып алған адам осындай заттардан «пана» іздейтін сияқты. Барынша проблеманы үмытудың жолын таптым деген оймен өмірін, өзін осылай құртып алатыны сөзсіз. Бірақ біз, бір нәрсені ескеруіміз керек. Адам қаншалықты көп ләззат алса,соншалықты өлім қауіпі артады емес пе?! Менің ойымша егер әлемде есерткі атауы болмаса,онда әлем ғажап болады. Өлім деңгейі төмендер еді. Және әлем жаңарып, көркейер еді. «Ел боламын десең –бесігіңді түзе»,- демекші,  бала-бақшадан бастап, мектеп қабырғасында үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Әсіресе, осындай сайыстар көбірек ұйымдастырылып, біздердің  ой – өрісімізді кеңейту керек деп ойлаймын.

Ойымды қорытындыласам, адамның өмірі тамаша болуы тиіс. Кез-келген адам бақытты болып, отбасымен аман болуға құқылы. Елімнің көркейіп, көк байрағымның желбіреуіне менің денсаулығым керек. Олай болса, әр адам өз нәпсісінің құлы болмаса, алмайтын жау болмайды деп ойлаймын.  Салауатты өмір салтын ұстау -менің өмірлік қағидам. Өмірімізді ғажап етуге ат салысайық, достар!