Есірткісіз болашақты таңдаймын!

   Бүгінгі ХХІ ғасыр жас ұрпақтың ұрпақтың, яғни болашақ жастардың дәуірі.. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп тұр. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен өз тәуелсіздігімізді жариялап, бүгінде әлемге мәшһүр мемлекеттердің бірі болып келеді. Елдің болашағы жартардың қолында! Бір сөздің өзі жастарға қандай жігер береді десеңізші... Тіпті, болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын ағаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады. Атап айтар кетер болсақ, М.Жұмабаевтың өлеңіне тоқтала кетсем, яғни,
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін – деп бүгінгі өскелең жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны десемде еш қателеспейтініме сенемін.  Елбасымыздың Халыққа жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыр делінген, яғни ел ертеңі болар келер ұрпақтың қолында. Елімізді көркейту,оны келер ұрпаққа жеткізу жасдың қолында. Бірақ та осы жастарымыздың ішінде дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жастарымызда жоқ емес. Неге келешек жастарымыз денсаулығын, жанын таза ұстап, талғамының биіктігін білдіріп,салауатты өмір сүрмеске? 
  Зиянды заттар да, зиянды әдеттер де бар. Атап айтар болсақ, темекі, бұзақылық, ұрлық-қарлық, есірткі т.б.  Соның ішінде ең ауыры, ең қауіптісі-Есірткі! Жауап біреу секілді. Бұл-ХХІ ғасыр дерті. Қуантарлық бір жайт, бұл індетпен де күресіп жатқан арнайы өкілдер бар. Өз ісінің ұшқыр мамандары нашақорлықпен күресіп қана қоймай жастарға салауатты өмірді насихаттап, жасөспірімдер арасында түрлі қызықты сайыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойында өмірге деген қызығушылық, сонымен қатар, денсаулықтың баға жетпес қазына екенінде жеткізу мақсатында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырып ел алғысына бөленіп жүр. Бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасыр індетіне тосқауыл қойып жатыр. Бұл жұмысқа мың алғыс!!!
    Еңсесін көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер,қайрат,еліміздің ертеңі болатын болашақ жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: "Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекеттімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр",- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Бұл біздің, яғни жастардың алға қойған бірден-бір мақсаты мен міндеті болуы керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген данышпан халқымыз. 
Өмірге адам бір ақ рет келеді, ойланшы, жастық шағың өміріңнің кемелі. Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауатты өмір салты. Демек,  «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деген ой түйіндеп, өз сөзімді аяқтағым келеді.


Бөлісу: