Есірткі қоғам дерті

Есірткі қоғам дерті
жеке
блог

Есірткі қоғам дерті.

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан байқауға

Жастардың арасында есірткіге әуестігі көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортаға еліктегіш, сенгіш келеді. Әсіресе күнделікті іс әрекеттеріне отбасының  ешқандай бақылау болмағандықтан осындай қасіретке тап болып, шырмалып қалып жатады. Есірткінің ерекшелігіде сол, бір дәмін татқаннан кейін әуес болып қалады. Бұл психологиялық тәуелділік. Міне, адамдардың нашақор болуының себептері осы болып отыр. Көп жағдайда есіткіге тәуелді адам өзі қорыққаннан жанына досын серік етіп алатын адам іздеп, досын қосып алады. Танысы бір рет дәмін көрсең, иіскесең нашақор болмайсың,  инемен салсаң ғана нашақор боласың, бұл жай рахатқа батыратын, қиыншылықты ұмыттыратын ғана зат деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Әлеуметтік қиындыққа тап болған немесе   қолы бос, шұғалданатын ісі жоқ адам көңіл күйін көтеру үшін қайтадан есірткінің дәмін татады да, қалай нашақордың қатарына қосылғаны білмей қалады. Қазіргі таңда тіпті жастар мода ретінде қарайтыны жанға батады.  Тіпті Есірткі ол - табиғи гармондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі - есірткі әсеріне қарсы әсер ететін гармон бөлу. Жүйке жүйесін қоздырған кезде, ағза қызметін тежейтін гармон бөледі. Есірткінің есеңгіртетін әсері  аяқталғаннан кейін табиғи гармон біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы жұмысын тоқтатпайды. Соның әсерінен ағза тыныштандырылатын дәрі ішкендей күй кешіп, әлсіреп рахат сезімге беріледі. бойын құмарлық билеген адам, елітіп рахатқа бату үшін есірткінің мөлшерін көбейте түседі. Мұның соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Осы қасіретке тап болмау үшін ұстаздар қауымы есірткінің зардабын, кері әсерін, болашағана балта шабатынын жас санаға құйып, имнаы мықты, рухани бай адамды тәрбиелеуге ат салысуымыз қажет.

Қорыта келгенде бала тәрбиесідегі басты нәрсе - оларды нақты нанымға, өзін саналы түрде ұстаудың үлгісіне айналдырудың, зиянды заттардан бойын аулақ ұстап, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету қажет. 

Ембергенова Әсем 

Ұ.Қараманов атындағы 

№262 мектеп - гимназиясының мұғалімі