Есірке, жылым!

Есірке, жылым!
жеке
блог

2011 жыл аяқталып келеді. Құдай-ау... Өмір, кешірші менің бос салпақтап келе жатқанымды. Жарайды, бос салпақтасам да, елімнің берекелі болуын тілеген, халқыма адал қызмет етейін деген ниетім бар. Жеке өмірімнің түкке де қажеті жоқ, отқа жақтым. Бірақ істеген ісім жетілсін!

Қоян – тарихта Иасыны астана еткен, әйгілі кемеңгер Төле би мен ұлы хан Абылайды, сұлу сері Ақанды өмірге әкелген, жоңғарларды күйреткен, «Алқакөлден» аман қалдырған, тұңғыш ресми астана – Орынбордың іргесін қалаған, Сырымның батырлығын паш еткен, жұтымен сынаған жыл. Өтіп бара жатқан қоян текті 2011 бізді есіркей берсін!

Жыл маған Ақ Азиаданы сыйлады! Отандық спортты сезіндім! 2011 Тәуелсіздік ұғымының қастерін арттырды. Мені метроға мінгізді!

Жыл сөзі: «...хиджаб пен пәренжені студенттер мен оқып жүрген жастардың киіп жүргеніне қарсымын. Біздің әйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған...» ҚР Президенті – Елбасы, ақ патшам Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жылдың үздік сайты: Tengrinews.kz (Award-2011) 

Жылдың патриоты: Илья Ильин

Жыл киносы: «Балалық шағымның аспаны»

Жылдың үздік журналисі: Ярослав Красиенко

Жылдың жаңалығы: Алматы метрополитені

Жылдың орны толмас қазалары: Роза Бағланованың, Қадыр Мырза Әлидің, Дариға Тінәлинаның, Людмила Гурченконың, Алла Баянованың, Қасым Жәкібаевтің, Әзілхан Нұршайықовтың, Тұманбай Молдағалиевтің қазасы.

Жылдың қасіретті оқиғасы: Алматы қаласында, Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында, Таразда және Боралдайда құқық қорғау қызметкерлерінің оққа ұшуы

Жыл сапары: Өзбекстан 

Жылдың үздік демалыс орны: Қапшағай

Жыл блоггері: Жарқын Алаш

Эстафета – кім алғысы келсе, сонда!