Мен математиканы онда әріптер пайда болмағанша түсініп келгем. (с)
Мектеп бітіргенімізге көп уақыт болды ғой. Алгербра, геометрия дегенді қазір еске де алмаймыз. Одан құтылғанымызға мәз болып жүрміз. Сіздерді қайдам, өзім сондаймын. Жалпы алгебрада шексіздік пен функция пайда болғанда мен жаңылыстым. Соны түсіне алмай-ақ кеттім. Бірақ жаман болдым деп айта алмаймын, әйтеуір бірдеңе ғып шығарыппыз. Қазір қалай шығарғаным есімде жоқ. Қазір болса ғой, Youtube -тен жақсылап түсіндіріп беретін сабақтарға қарап, түсініп алар ма едім...
Жарайды, алгебра мен геометрияны еске алуға қалай қарайсыздар? Сіздердің естеріңізде не қалды? Тек бірден гугулды аралап кетпей, жауаптарды қарамай, мысалы, Пифагор теоремасын айтып бере аласыз ба? Дискриминант формуласын ше? Пропорция деген не еді? Дәреже мен логарифмдер?
Геометриядан синус, косинус, тангенс теоремаларын айтып бере аласыз ба?
P.S. Миыңыз қимылдап жатыр, сезесіз бе? )))