Есімдегі...

Есімдегі...
жеке
блог

Махаббат сазы көңілді күйден шер терер,

Азына, зарла, күйімді күмбір шерте бер.

Әй бірақ мұңсыз емессің көңіл, онсыз да,

Жігіті тастап кетті деп жүрер ертең ел...

Дей берсін десе, қайтемін елдің пыш-пышын,

Күлмейсің неге күңгіртсің көңіл, күптісің.

Сыр болып іштен төгілдің сыйып шумаққа,

Мұң болып түскен кіршіксіз таңғы шықпысың?

Ырғақты қала, жырлатты қала сезімді,

Тасбауыр тағдыр шығарды ма екен мезіңді?!

Артыңнан тілеп қаламын аман жүрсін деп,

Шарқ ұрған жүрек өзің жоқ жерден безінді.

Безіндім мынау қаңырап қалған қаладан,

Өзіңде тұр-ау нұр шуақ елге тараған.

Есілге барып жыр айттым мен де егіліп,

Отыр ма екенсің сыр тыңдап сен де жағадан...