Есімде қалған жаз
блог
Бурабайға барған жылдың жазында мен, әжем, оның құрбысы, сіңілім барғанбыз. Ол кезде күн қатты ыстық болмаған. Сіңілім Махаббат сол жылы кішкентай еді, қазір де, тек бесте. Ағаштан жасалған үйде қондық, тіпті одан бұрынғы жазында киіз үйде қоңғанбыз. Содан біз көлде қайықпен жүздік. Махаббатты отырғызуға қорыққан едік, қайықты аяқпен жүргіздік. Махаббат айтады " - Мен түп түзу отырамын", деп кішкентай болып.Мына суретте біз Абылай хан музейіндеміз. Экскурсия болғанда барғанбыз.
Ортадағы экскурсияны жүргізген саяхатшы, анау бала менің інім.Жаз деген қызыққа толы ғой негізі. Басқа үйде тұрған кезімізде түнгі 11-ге дейін ойнап жүре беретінбіз. Күнде күн батқанда қорқынышты оқиға айтып, тіпті сол оқиғалар әлі есімде. Жанар деген құрбым болған. Ол әңгіме айтудың шебері. Бір күні Жанардың әпкесі, өзі және мен велосипедпен теуіп жүрген едік. Алыстан екі адам қорқынышты болып келе жатыр екен. Содан қашып, мен құлап, үйге жеттік. Қайдан білеміз, әйтеуір ойнаймыз ғой. Солай, әлі алда жаздың 3 ай күтіп тұр.